13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте Қытай инвесторлары төрт жобаны іске асырып жатыр

29 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте Қытай инвесторлары төрт жобаны іске асырып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Олардың ішінде ауқымдысы — Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасы. Шымкентте Қытай инвесторлары 1,36 миллиард АҚШ долларын құрайтын төрт жобаны іске асыруда. Инвестиция жалпы, елдің экономикалық өсу қарқынын анықтай отырып, әлеуметтік-экономикалық салаларға, түптеп келгенде халықтың әл-ауқатының артып, тұрмысының көтерілуіне оң әсер етеді.

Инвестицияның артуымен Шымкентте құрылыс, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, тамақ индустриясы, туризм және басқа да салалар қарқынды дамып келеді. Еліміз көршілес мемлекеттермен тығыз ынтымақтастық орнатып, сауда-саттық, қауіпсіздік және басқа да өзекті мәселелер бойынша оңтайлы саясат жүргізіп келеді. Осы орайда елімізбен іргелес жатқан Қытай мемлекеті мен арадағы байланыстың маңызды екені анық көрінеді. Өйткені, әлемдік экономикадағы жетекші орынға ие бұл елмен орнатылған қарым-қатынас ерекше мәнге ие. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Шымкент еліміздің кәсіпкерлік және индустриалды орталығына айналып үлгерді. Қаламыз отандық, шетелдік бизнес өкілдерінің қызығушылығын арттыруда.

Шымкент аумағында Қытай инвесторларының қатысуымен 1,36 миллиард АҚШ долларын құрайтын 4 жоба жүзеге асырырылуда. Олардың ішінде ауқымдысы — Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасы. Бұл жобаның құны 1,3 миллиард АҚШ долларын құрайды. 2018 жылы пайдалануға берілген зауытта 380 адам адам жұмыс істейді. Ал бекіткіш бұйымдар өндірісімен айналысатын «Шымкент крепеж» жобасының құны 3 миллион АҚШ долларды құрайды. 2018 жылы іске қосылған зауытта қазір 40 адам жұмыс істейді.

Айта кетейік, Шымкент қаласына биылғы жылдың 4 айында 134,2 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бүгінде климаты жағымды, географиялық орналасуы оңтайлы, еңбекқор халқы бар Шымкент инвесторлар үшін өте қолайлы қалаға айналып отыр. Инвестақуалды жақсарту мақсатында атқарылып жатқан кешенді шаралар да шетелдік бизнес өкілдерінің республикадағы үшінші қалаға қызығушылығын арттыруда.
.

Previous Post

Шымкенттегі салт-дәстүр орталығына туристер жиі келеді

Next Post

ШЫМКЕНТ: Балалар мерекесі қарсаңында үш ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі