13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Астана Балет» спектакльдердің онлайн-көрсетілімін бастайды

18 апреля, 2020
in Қоғам
0
«Астана Балет» спектакльдердің онлайн-көрсетілімін бастайды
Share on FacebookShare on Twitter

— 20 сәуірден бастап «Астана Балет» театры «Eurasian Dance Festival» бірлесе отырып, астаналық театр сахнасында өткен халықаралық балет өнері фестивалінің аясында көрсетілген спектакльдер мен гала-концерттердің видеожазбаларын онлайн-режимде ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Әртістер мен көрермендердің театр залына қайта оралуын күте отырып, Еуропа мен Азияның айтулы театрлары мен би ұжымдары біздің сахнада көрсеткен жарқын қойылымдарының бейнежазбаларының архивтерін көрсетейік деп шештік. Үш жыл ішінде, бұл балет фестивалі Қазақстанның мәдениетіндегі елең етерлік құбылысқа айналды. Көрермен қауымды осы қойылымдармен танысуға я болмаса сүйікті спектакльдерін қайта тамашалауға шақырамыз», — деді театр басшылығы.

Көрермен қауым әлемдік классика жауһарлары, халық шығармашылығы мен қазіргі заманғы әйгілі хореографтардың туындылары түйіскен фестиваль жазбаларын тамашалай алады. Көрерменмен қауышудың жаңа форматы Қазақстан, Ресей, Португалия, Голландия және Германия әртістері қатысқан жұлдызды гала-балеттен басталмақ. Алғашқы онлайн-көрсетілім 20 сәуірде, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 20:00-де «Астана Балет» театрының ресми YouTube-арнасында ұсынылады. Тікелей эфирді көріп үлгермегендер спектакльді кейінгі 24 сағат ішінде тамашалай алады. 22 сәуір, сағат 20:00-де әйгілі испаниялық би триосы Castro Romero ұсынған «Escencia Flamenca» бағдарламасының онлайн-көрсетілімі өтеді. 30 жылдық ғұмырында бұл ұжым көптеген жобаларды жүзеге асырған. Соның ішінде, танымал әртістермен жұмыс істеп, фильмдерге түсіп, әлемдік опера жұлдыздарымен концерттерге қатысқан. «Фламенко квинтэссенциясы» бағдарламасы 10 бөлімнен тұрады. Мұнда әртістер фламенко мен оның болмысы туралы баяндайды. Фестивальге қатысқандардың бірі – Қытай ұлттық балетін 24 сәуірде, сағат 20:00 көре аласыз. Екі бөлімнен тұратын бағдарламаға хореографтар Ван Ци мен Фэй Боның екі миниатюрасы енген. Сянь Синхай музыкасына қойылған «Сары өзен» балетінің соңғы екі бөлімі мен П.И.Чайковскийдің «Патетикалық» симфониясының музыкасына қойылған «Өмір дастаны» балеті.

 

Previous Post

Мүфтият Рамазан айында берілетін пітір садақаның мөлшерін белгіледі

Next Post

Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің шекті бағадан өсуіне жол бермеуді тапсырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі