13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: “Ерекше жол” қоғамдық қорының 5 жылдық іс-шарасы өтті

29 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: “Ерекше жол” қоғамдық қорының 5 жылдық іс-шарасы өтті
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қор өзінің 5 жылдық мерекелік іс-шарасын «Достық үйінде» атап өтті. Шымкент қаласында “Ерекше жол” қоғамдық қорының 5 жылдық мерекелік іс-шарасы өтті. Ерекше балалардың әлеуметтенуіне көмектесу үшін Шымкентте бірқатар қоғамдық қорлар бар. Солардың бірі Роза Беркешева басқаратын “Ерекше жол” қоғамдық қоры. Р. Беркешеваның айтуынша, мұнда ерекше балаларды оңалтудың ең сенімді жолы-инклюзия екен. Сонымен бірге, қоғам барлығына ашық және мейірімді болуы керек.

Осы мақсатқа жету үшін “Ерекше жол” қоғамдық қоры өзінің әрбір іс-шарасын осы оқиға дәрежесіне көтеруге тырысып келе жатқандарына биыл 5 жыл толды. Қор өзінің 5 жылдық мерекелік іс-шарасын «Достық үйінде» атап өтті. Аталған шраны ұйымдастыруға «Ерекше жол» қоғамдық қорынан басқа Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы мен «ARMAN ALANI» Қазақстандық коалициясы» ЗТҰ ұйытқы болды. Мерекелік шараға Шымкент қаласының әкімдігі мен мәслихаты, Білім, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау басқармалары, Шымкент қаласының үкіметтік емес ұйымдары, сонымен қатар, қорымыздың меценаттары мен қайырымды жандар қатысты. Мерекелік бағдарлама аясында Шымкент қаласының үздік шығармашылық ұйымдары мен әншілері өнер көрсетті. Сондай-ақ, қордың тарихы, фотокөрмесі, мүшелерінің қолөнер көрмесі де жиналған жұртшылықты қызықтырды.

Айта кету керек, қоғамдық қор ерекше балаларды инклюзиялау, әлеуметтендіру мәселесін ең жоғары деңгейде шешуде қарқынды қызмет етіп келеді. Атап айтатын болсақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін олардың өзін-өзі жетілдіруі және білім берудің барлық деңгейлерінде оқуын жалғастыруы үшін де психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі құрылып, арнайы жағдайлар регламенттелді. Оқушының даму ерекшеліктеріне байланысты оқу бағдарламаларының өзгергіштігін, икемділігін қамтамасыз ететін нормалар әзірленді. Осы бағытпен жұмыс істеп келе жатқан қордың әлі де атқарар жұмыстары алда көп. Мерекелік іс-шараға қатысқан қонақтар “Ерекше жол” қоғамдық қорының қызметкерлеріне сәттілік тіледі.

Previous Post

«Халық заңгері»: Шымкентте 200-ден астам тұрғынға тегін заңгерлік кеңес берілді

Next Post

Биыл Шымкентте 10 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі