13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Биыл Қаратау ауданында 70-тен астам көшеге асфальт жабындысы төселеді

26 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Биыл Қаратау ауданында 70-тен астам көшеге асфальт жабындысы төселеді
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы Қаратау ауданының әкімі Рахымберды Мүлкеманов брифинг барысында мәлімдеді. 2023 жылы Шымкент қаласы Қаратау ауданында жалпы ұзындығы 50 шақырымды құрайтын 71 көшеге асфальт жабындысын төсеу жоспарланған. Бұл туралы Қаратау ауданының әкімі Рахымберды Мүлкеманов брифинг барысында мәлімдеді. Сонымен қатар, 33 шақырымды құрайтын 41 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Жалпы 2023-2025 жылдар аралығында 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымды құрайтын 595 көше бар. Оның 364 шақырымын асфальт жол, 233 шақырымын тас жол және 33 шақырымын топырақ жол құрайды. Одан бөлек, 2023 жылы Қаратау ауданы аумағына қарасты, Сайрам және Қызылсу елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары атқарылуда. Құрылыс жұмыстарының аяқталуына орай, аудан аумағындағы барлық елді мекендер сапалы ауыз сумен 100% қамтылады. Сондай-ақ, биылғы жылы Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағындағы 1200 абонентті электр жарығымен қамту жұмыстары атқарылатын болады. Биыл Тұран шағын ауданын табиғи газбен қамту бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Тассай тұрғын алабы, Нұртас шағын ауданы құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Елді мекендерді табиғи газбен қамту көрсеткіші — 96% құрайды.

2025 жылға дейін табиғи газбен қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарлануда. Бұдан бөлек, Қаратау ауданы аумағында су басу және көлдеу қаупі бар 30 мекенжай анықталып, 2022 жылы ұзындығы 13,7 шақырымды құрайтын 22 орынға ирригациялық жүйелер салу жұмыстары атқарылды. Ал,2023 жылы 17 орынға ирригациялық арық жүйелерін салу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде. Мердігер мекеме анықталуына орай, құрылыс жұмыстары атқарылатын болады. Еске сала кетейік, Қаратау ауданындағы халық саны бүгінде 213 мыңнан асады. 18 елдімекенде 494 көпқабатты тұрғын үй, 29 762 жеке секторлы үй, 595 көше бар.

Previous Post

МАҚТААРАЛДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Next Post

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі