Білім негізі бастауышта демекші, ел болашағының кепілі болған балдырған балалардың қашан да оқуға, білімге деген құштарлығы ерекше. Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты жалпы білім беру ұйымдарында бастауышпен қоштасу кеші өткізіліп жатыр.
Міне сондай үлгілі, дарынды №32 Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің 4-сынып оқушыларымен бастауышпен қоштасу кеші өткізілді. Балбұлақ кезеңнен болашаққа қадам аттаған ұландардың қуанышында шек болмады. Әндерін шырқап, би билеп, алғашқы ұстаздарына деген ыстық ықыласын өлең шумактарына сыйдыра білді. Мектеп директоры Жамиля Амантайқызы балақайлармен қоса шаттанып, білім жолында биіктен көрінулерін тілеп, көздеріне жас алған ата-аналарға, ұстаздарға жылы лебізін білдірді.
Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселе-леріне терең бойлауға бастайтын, күнде-лікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілі-гінің, белсенділігінің қалыптасуы мектеп-ке дейінгі тәрбие мен бастауыш сынып-тарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығарма-шылық қабілетінің, жалпы мүмкіндікте-рінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптас-тыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.
Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшы-лығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.
«Ұстаз!» Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» — деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бірі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны адамзат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Зымыраған уақытта тағат бар ма?! Бірнеше жылдар өтіп,асқарлы асулардан асып, жоғары сыныпты бітірген шәкірттер ел үмітін ақтайтын, зор қарқынмен даму кезеніндегі Қазақстанға кірпіш болып қаланады деп білеміз.