Бүгінгі күні мектеп бітіруші түлектерді ерекше толғандырып отырған басты мәселе – мамандық таңдау. Олардың алдында сан тарау жол жатыр, алуан түрлі мамандық күтіп тұр. Әр жүректе бір арман. Ол – қоғамға қажетті мамандық таңдап, қалаған мамандығының иесі болу. Расында,ерте ме, кеш пе кез келген адам өзінің сүйген кәсібін немесе мамандығын таңдап алуына тура келеді. Қазіргі кезде ел болашағы – жастар. Жыл сайын мектеп бітіруші түлектер қай мамандықты таңдарын білмей, ойын сан – саққа жүгіртеді.
Түркістан облысы, Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Ұзын-Ата»жалпы орта мектебінде бейіндік және кәсіптік іс жоспарына сәйкес Шардара қаласындағы №16-колледжінде 9-10 сынып оқушыларына арналған «Ашық есік күні» өтті. Бұл іс-шараға барлық мектептерден көптеген оқушылар және ұстаздар қатысты. «Ашық есік» күнін ұйымдастыру мақсаты оқушыларды №16-колледжге оқуға шақыру.
Колледж тарихымен мамандықтарымен колледжге оқуға түсу тәртібімен таныстырды. Колледж мұғалімі Ахметов Мади ағайымыз колледждің оқу жүйесін және білім алудың тиімділігі жайлы оқушыларымызға толық түсіндірме жұмыстарын жүргзді. Оқушыларымыз №16-колледждегі мамандықтар бойынша толық ақпарат алды.
«Ашық есік» күнін ұйымдастыру мақсаты — №16-колледжіне талапкерлерді оқуға шақыру. Колледж оқытушылары болашақ талапкерлерге колледж тарихымен, мамандықтармен, оқу-материалдық базасымен таныстырып, колледжге түсу тәртібін, оқу жүйесін және колледжде білім алудың тиімділігі жайлы толық ақпарат берді және колледждің 1-3 курсында оқып жүрген студенттер оқушыларға өздерінің мамандықтары, студенттік өмірді және қоғамдық өмірге белсене араласатыны жайлы айтып, оқушыларды біздің колледжге оқуға келуге кеңес берді.
Кездесу барысында оқушылар қызыққан мамандықтары жайында сұрақтар қойып, кеңірек ақпарат алды.Оқушылар мен оқытушылар арасында дөңгелек үстел, ауызша журнал, «Менің мамандығым», «Біз нашақорлыққа қарысымыз», «Мен өз өміріме жауапкершілікпен қараймын» тақырыптарында әр түрлі бағытта әңгімелер өткізілді.
Айта кетсек, Шардара қаласында орналасқан №16 колледж 1973 жылдан бастап кәсіби білікті кадр дайындап келеді.