13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ОҚУ СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР СЕРТИФИКАТ АЛДЫ

26 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ОҚУ СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР СЕРТИФИКАТ АЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін,  Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде “Қарызсыз қоғам” атты қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша өткен оқу семинары өз мәресіне жетті.

Пилоттық жобаға 70-ке жуық ауыл тұрғындары қатысты.

Оқу семинарын сәтті аяқтаған тұрғындарға “AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбеталиев арнайы келіп, сертификат табыс етті.

-“Бүгінде 6,3 миллионға жуық қазақстандықтың банктік несиелері өтелмеген. Сонымен қатар 1,2 миллион қазақстандық микроқаржы ұйымдарынан несие алған. Бұл азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына әсер етеді. Қолжетімді несиелер, қаржы ұйымдарының жоғары пайыздық мөлшерлемелері, ең бастысы, қаржылық сауаттылықтың төмендігі – жыл сайын халықтың қарызының өсуін арттырады.

Халықтың қарыз ауыртпалық мәселесі жүйелі шешімді қажет етеді. Қазіргі уақытта 1 миллионнан астам адам кем дегенде бір несиесін кешіктіріп отыр.

Оқыту курсының негізгі мақсаты – елімізде болашақта ел экономикасын қалыптастыратын халықтың, жас ұрпақтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған қаржылық білім беру жүйесін құру” — деді филиал төрағасы.

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Шорнақ бастауыш партия ұйымының төрағасы Сүлейменов Баймахан Тоймаханұлы курсқа қатысып, өз білімін жетілдірген тұрғындарға алдағы уақытта ұрпаққа үлгі боларлықтай сауатымызды арттырып, қарызсыз қоғамды қалыптастыруды үйрену керектігін айтты.

Бұл семинар қатысушыларға қаржылық сауаттылықты арттыру, өз қаражатын тиімді басқаруды үйрену, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екендігін үйретті.

Курсқа қатысуға ниет білдіріп келген ауыл тұрғындары айтылған мәселелермен толық танысып, қаражатты қалай жұмсау туралы толыққанды ақпараттарын қаржы сарапшысы Жандос Әзімбайдан алды.

Жоба мамыр айында басталып, қараша айына дейін жалғасады. Кез – келген оқуға  ниет білдірушінің жобаға қатысуға мүмкіндігі бар. Ол үшін тұрғылықты жерде орналасқан «AMANAT» партиясының аудандық филиалына хабарласып, тіркелуі қажет.

«AMANAT»  партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз«AMANAT» партиясыШымкент
Previous Post

КЕШЕНДІ ШАРАЛАР ХАЛЫҚҚА АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ ТИІМДІ БАҒАДА ТҰТЫНУҒА МҮМКІНДІК БЕРУДЕ

Next Post

ТҮРКІСТАН: САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ТОЛЫҚ АҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі