13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Шымкентте қос науқасқа бүйрек трансплатациясы жасалды

22 сентября, 2020
in Денсаулық
0
Шымкентте қос науқасқа бүйрек трансплатациясы жасалды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасында екі науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды. Дәрігерлер қос ананың бүйрегін науқас балаларына хирургиялық жолмен салып берді.

Бейбіт Сидазимов 2 жылдан бері бүйрек жетіспеушілігі дертімен есепте тұрады. Науқас бұған дейін төсекке таңылып, гемодиализ аппаратына қосылған. Бүйрегінде ақауы бар 33 жастағы азаматқа туған анасы донор болды. Дәрігерлер 1965 жылғы азаматшаның бір бүйрегін хирургиялық жолмен алып, туған ұлына сәтті қондырған.

Сонымен қатар, ұзақ жылдардан бері аурудың азабын тартқан Түймебай Асылбекке анасы Бижанова Аққыз бір бүйрегін берді. Туыстық транспланталогияны дәрігерлер 10 қыркүйек күні жасаған. Екі сағатқа созылған бүйрек ауыстыру отасы сәтті аяқталды.

Айта кетейік, Шымкент қалалық клиникалық ауруханасында трансплантациялық қызмет қарқынды дамып келеді. Мұнда 2013 жылдан бері 160 бүйрек пен 21 бауыр алмастыру операциясы жасалды.

Аурухана материалдық-техникалық тұрғыдан толық жабдықталған. Мұнда ағзадағы органдарды ауыстыру жағынан тәжірибесі мол мамандар жұмыс істейді. Ауруханадағы гемадиализ орталығында бүйрек алмастыру отасын қажет ететін 400-ге жуық науқас есепте тұр. Донор табылған жағдайда білікті мамандар науқастарға трансплантация жасауға дайын.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

«Ақылды» мал бордақылау алаңы ашылды

Next Post

Шудың анашасын кәдеге жаратудың жолы айтылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі