13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте қоқыс алаңшаларына дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді

25 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте қоқыс алаңшаларына дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді
Share on FacebookShare on Twitter

«ШымкентСпецКомплекс» ЖШС-і қоқыс алаңшаларында санитарлық талаптарды сақтау мақсатында арнайы химиямен жуу, хлорлау, дезинфекция жұмыстарын жүргізуде. Шымкент қаласындағы қоқыс алаңшаларына дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде қаладағы шағын аудандарға жаңа қоқыс контейнерлері қойылған. Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған жәшіктер заманауи үлгіге сай. Соның ішінде Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданы аумағы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 214 контейнер алаңшалары және онда 1037 қоқыс контейнерлері орналасқан.

Аудан аумағындағы тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын қоқыс алаңшасындағы, басты және ішкі орам көшелердегі қоқыстарды тасымалдаумен айналысатын 2 мекеме — «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС-і және «Арнаулыавтокөлік» ЖШС-і жұмыс істейді. Ал, «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС-і қоқыс алаңшаларында санитарлық талаптарды сақтау мақсатында арнайы химиямен жуу, хлорлау, дезинфекция жұмыстарын жүргізуде. Айта кетейік, қазіргі таңда қаланы таза ұстау, қоқыстарды дер кезінде тасымалдау, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынған. Атап айтқанда, қала аумағында бүгінде 610 қоқыс алаңшасы, 2627 қоқыс контейнері, 205 сеткалы контейнер, 125 фракция (құрғақ және дымқыл) контейнер орнатылған.

Сондай-ақ, құрамында сынап бар қалдықтарды жинауға арналған 50 контейнер, нан қалдықтарын жинауға арналған 200 дана бөшке қажетті орындарға қойылған. Шаһарда Ақтас-1 елді мекенінде ауданы 29 гектарды құрайтын қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны жұмыс істеп тұр. Жауапты мамандар сөзінше, осы жылдың 1-ші тоқсанында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі 26,3 пайызды құраған.

Айталық, қоқыс полигонына әкелінген қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі 52 813,22 тонна, сұрыптауға жіберілген қоқыс көлемі 13 870,803 тоннаға жеткен. Қазіргі уақытта жеке тұлғалардың ірі көлемді қоқыс пен құрылыс қалдықтарына арналған көлемі 8 текше метрлік контейнер орнату бойынша жаңа жоба қолға алынбақ. Бұл үшін бос жер учаскелерін анықтау жұмыстары басталды.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Тауарды қайта өңдеуші 6 кәсіпорынға қолдау көрсетілді

Next Post

ШЫМКЕНТ: Биыл Самал-3 ауданындағы 10–нан астам көшеге асфальт төселеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі