13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қылмыс

Түркістан облысында алаяқ блогерлер ұсталды

21 сентября, 2020
in Қылмыс
0
Түркістан облысында алаяқ блогерлер ұсталды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында полицейлер өзгелерді блогерлер болып бопсалаған ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрбаны 17. Олар жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлер.

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Құрманбек Сахов атап өткендей: «4 жергілікті тұрғыннан тұратын бұл ұйымдасқан қылмыстық топ 6 ай бойы Жетісай және Мақтаарал аудандарының аумағында заңсыз жұмыс істеген. Олар бопсалау мен алаяқтық арқылы жеке кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтардың ақшаларын иемденген.

Жалпы алғанда қылмыскерлер жәбірленушілерге 2 000 000 теңгеден астам шығын келтірген. Тіпті олар өз қызметіне заңдылық беру үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес түрінде жалған қоғамдық ұйым ашқан. Әрқайсысына нақты рөлдер берілген. Сонымен қатар жалған куәліктер мен есімхаттар жасаған. Олар жәбірленушілерге өздерін блогерлер, журналистер және заңгерлер ретінде таныстырып отырған. Қылмыскерлер барлық әрекеттерді бейнетаспаға түсіріп, әлеуметтік желілерде бейнежазбаларды жариялаймыз деп қорқытып, олардан ақша талап еткен.

Мысалы, 2019 жылы Мақтаарал ауданында күдіктілер құрылыс алаңдарының біріне барған. Содан құрылыс жұмыстары нашар сапамен, бұзушылықтармен жүргізіліп жатыр деген сылтаумен құрылыс фирмасының басшысынан 500 мың теңге талап еткен.

Басқа жағдайда, яғни өткен жылдың күзінде сотталғандар экологияны қорғау түрімен жергілікті фирмалардың бірінің кеңсесіне келіп, директордан ай сайын 100 мың теңге көлемінде төлем талап еткен. Жәбірленуші өз кезегінде Жетісай АПБ-не арызданған.

Жасалған қылмыстардың ауырлығы мен бірегейлігін ескере отырып, қылмысты ашуға және тергеуге облыстық криминалдық полиция қызметкерлері мен тергеушілері аудандық полиция қызметкерлеріне көмекке жіберілді. Яғни, біз аудандық және облыстық полицияның үздік қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобын құрдық. Сотқа дейінгі тергеу аясында барлық қажетті жедел және тергеу іс-шаралары жүргізілді, жеткілікті дәлелдер жинақталды және қылмыскерлер ақша алу кезінде ұсталды.

10 ай ішінде осы қылмыстық топтың әр қатысушысының кінәсі толығымен дәлелденді. Сонымен қатар бұл топ ұйымдасқан сипатта бопсалау мен алаяқтықтың 17 жайтына қатысты болып шықты».

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен мүшелері ҚР ҚК-нің 262-бабының 1-бөлігінде «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу», 194-бабында “Қорқытып алушылық” және 190-бабында «Алаяқтық» көзделген қылмыстарды жасағаны үшін 10 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және түрлі алаяқтарға сенім білдірмеуге кеңес береді. Егерде сіз осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

«Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастар байқауының» үздіктері анықталды

Next Post

«Ақылды» мал бордақылау алаңы ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі