13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Биыл Шымкентте 12 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді

23 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Биыл Шымкентте 12 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

11 сынып бітірушілеріне мемлекеттік үлгідегі аттестат 20-22 маусым күндері тапсырылды. Биыл үшінші мегаполисте 9 сыныпты 21 485 және 11 сыныпты 11 653 түлек аяқтайды. Барлық өңірлердің ұсынысы негізінде 9,11 сынып оқушылары үшін «Соңғы қоңырау» 1 маусым болып белгіленді. Ал Білім беру ұйымдарының 11 сынып бітірушілеріне мемлекеттік үлгідегі аттестат 20-22 маусым күндері тапсырылды. Айта кетейік, білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева арнайы бұйрық шығарды.

Құжат мәтініне сүйенсек, 2022-2023 оқу жылының аяқталуына орай, бітіруші 4, 9, 11 сыныптардың бітіру кештерін ұйымдастыруына, мұғалімдерге сыйлықтарға және жөндеу жұмыстарына, түрлі себептермен кез-келген мерекелік іс-шараларға, мекемеге қажетті кеңсе заттары мен шаруашылық заттарын сатып алу және тағы басқа мақсатта (оқу кабинеттерін жабдықтау, сыныпқа гүл, кабинеттің гигиеналық құрал-жабдықтары, оқуға керекті кеңсе тауарлары және т.б.) ақшалай және заттай жинауға қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ, жоғары сынып оқушылары мен ата-аналарды «Соңғы қоңырау» жиынынан соң балаларының автошерулер жүрулеріне, кешкі мезгілде топталып тойхана, кафелерде көңіл көтеріп тойлауына , қала сыртына шығып атап өтуіне де рұқсат жоқ. Бұл туралы Шымкент қалалық білім басқармасы тарапынан білім беру ұйымдарына ақпараттық түсіндірме жұмысы жүргізілген.

Еске сала кетейік, 2022 жылы қалада 11-сыныпты бітіруші оқушылар саны 11 189 болса, оның ішінде 453 түлек «Алтын белгіге» үміткер. Мектеп бітіруші түлектердің 8 мыңнан астамы Ұлттық бірыңғай тестке қатысты. Ал, 20 оқушы шетелдік жоғары оқу орындарына түсуіне байланысты ҰБТ тапсырудан бас тартқан. Сондай-ақ, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың нәтижесінде осы оқу жылында 500-ден астам шымкенттік оқушы халықаралық және республикалық сайыстарда топ жарды.

Previous Post

Түркістанда «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді

Next Post

ШЫМКЕНТ: Абай ауданында әлеуметтік маңызы бар нысандар салынады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі