13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Чумчак пен Сай каналдары пайдалануға берілді

22 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Чумчак пен Сай каналдары пайдалануға берілді
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Су реттеуге арналған 21 шлюз қойылды. Шымкент қаласындағы Чумчак пен Сай каналдары пайдалануға берілді. Сайрам ауданына қарасты 250-дей шаруа қожалығы енді судан тапшылық көрмейді. Себебі осыған дейін қала аумағындағы жұмысы тоқтап тұрған Чумчак және Сай каналдарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Екі жыл бұрын құрылысы басталып, аяқталмай қалған канал ағысының тоқтауы шаруалардың егістігіне залалын тигізіп, тұрғындар тарапынан наразылық тудырған еді. Жуырда мәселе оң шешімін тапты. — Су реттеуге арналған 21 шлюз қойылды.

Бетондық қаптамалармен қапталды. Арналарда су тапшылық туындамау үшін бақылаушымен реттеліп отырады. Енді 7,5 гектар аумақтаңы егістікті сумен қамтиды. Жалпы каналдың ұзындығы 5,3 шақырым. Бүгінгі таңда екі каналдың құрылысы толық бітіп, Көк және Шапырашты каналдары аяқталуға жақын. Пайдалануға берілетін уақыт маусым, шілде айы деп жоспарлануда, — деді қалалық жайлы ортаны қалыптастыру басқармасының басшысы Ержан Жақсылықұлы. Айта кетейік, қазіргі таңда Сайрам ауданындағы каналдарға су Сайрам өзенінен алынады.

Бұған дейін каналдардың жұмысы бақылауда болмағаны және су арналары реттелмегендіктен шаруалардың егістігі қурап, диханшылықпен айналысуды тоқтатқан. Биылдан бастап шаруа қожалықтары көбейіп, нәтижесінде көкөніс көлемі артпақ. Еске сала кетейік, Шымкент қаласы бойынша 34 канал бар. Оның ішінде 27 канал ауыл шаруашылығы мақсатында, 7-еуі қаланың ішіндегі ирригациялық мақсатта пайдаланылады. Өткен жылы егістік жерлерді суару каналдарының су өткізу қабілетін жақсартуда мемлекеттік-жекешелік əріптестік аясында жалпы ұзындығы 197 шақырымды құрайтын 24 каналға, атап айтқанда, «Мешіт», «Темір», «Қызыл су», «Чинат-2», «Бозарық», «Құрала»с, «Улух», «Улух-«2, «Чумчак», «Шымкент», «Янгибай», «Текесу», «Көкбұлақ», «Қызыл сеңгі»р, «Гүлдіреуін-1», «Гүлдіреуін-2», «Гүлдіреуін-3», «Сасық -1», «Ақсай-Қарабастау», «Жаңа шек, , «Ынтымақ», «Компас, «Тоғыс, «Сасық» және 2 өзенге (Қошқар ата, Қарасу) механикалық және қолмен тазалау жұмыстары жүргізілді.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Ақниет шағын ауданында бес көше жөндеуден өтеді

Next Post

ШЫМКЕНТ: Тұран ауданында балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі