13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Шымкенттік оқушылар тайқазанды айнытпай жасап шықты

18 сентября, 2020
in Білім
0
Шымкенттік оқушылар тайқазанды айнытпай жасап шықты
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте жасалған тайқазан көшірмесі Түркістандағы көрмеге қойылды. Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қ.А.Яссауи кесенесінде «Береке, бірліктің символы – Тайқазан» атты көрме ашылды.


Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі алты ғасырлық тарихы бар қасиетті, алып қазан – Тайқазанның көшірмесі Шымкент қаласындағы «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №90 мектеп-гимназиясында» жасалған болатын. Тайқазан мектеп-гимназия директоры Арман Орынбековтың идеясымен, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Қыдырәлі Агибаевтың жетекшілігімен, көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Пердехан Тансихов, Болат Серікбековтың жасаған қолөнер туындысы.


Сондай-ақ, көркем еңбек сабақтарында мектеп оқушылары да еңбек еткенін айта кеткен жөн.
Арман Шымбайұлының айтуынша, тайқазан туындысына 18 ай уақыт жұмсалған. Оның бір ерекшелігі, Канада, АҚШ, Оңтүстік Корея, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және елімізде өсетін ағаштардан жасалуында.
Еліміздің ұлттық құнды жәдігерінің біріне айналған алып Тайқазанның ағаштан жасалған көшірмесі 18 қыркүйекте өтетін ұлттық көрмесіне қойылды. Мектеп басшылығы бұл еңбекті Шымкент қаласының 2200 жылдық мерейтойына да арнап отыр. Бұл – әрбір ерекше идеясымен, білім, өнер, спорт салаларындағы халықаралық, республикалық деңгейдегі жетістіктерімен танылып жүрген мектептің тағы бір жетістігі.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Қазақ-өзбек шекарасы қашан ашылады?

Next Post

«Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастар байқауының» үздіктері анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі