13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ГОНКОНГТЫҚ ҰСТАЗДАР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТЕРІМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

16 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ГОНКОНГТЫҚ ҰСТАЗДАР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТЕРІМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Гонконг аймағының ұстаздары Түркістан облысына арнайы келіп, оқушылардың тәрбиемен бірге білім алу тәжірибесімен танысты. Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернатында оқыту әдістері мен тәжірибе алмасу мақсатында семинар өтті.
Семинарда Гонконг қаласынан келген педагог-ұстаздар – Цэ Вай Ин, Кван Чун Тунг және Цанг Яу Юнг өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен бірге олар Түркістан облысы ұстаздарының осы бағыттағы жетістіктері туралы мағлұмат пен тәжірибе ала білді. Аталған мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г.Дузеева, математика пәнінің мұғалімі С.Жалтаева, физика пәнінің мұғалімі М.Мірабзалов мектеп оқушыларымен семинар сабақтар өткізді.
Семинарға ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары М.Мелдебекова, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары А.Садықова, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы, білім беруді дамыту орталығының директоры Б.Төлімбет, Білім беруді дамыту орталығының ағылшын тілі бойынша әдіскері С.Апетова және аудан мектептерінен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері келіп қатысты. Өтілген сабақтарға байланысты талқылау жүргізілді. Шетелдік ұстаздар мен түркістандық ұстаздар өзара пікір алмасты.
Шетелдік ұстаздар бұдан кейін М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының базасында «JC INNIPOWER FELLOWSHIP FOR TEACHERS» бағдарламасы аясындағы халықаралық оқу-әдістемелік семинарына қатысты. Семинардың мақсаты – мектеп оқушылары мен білім беру ұйымдарының педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету, үш тілде білім беру бойынша тәжірибе алмасу.
Семинарда ауданның үздік ұстаздары мен Гонконг оқытушыларының тілдерді оқытуда қолданатын инновациялық технологиялары мен әдістері қатысушылар назарына ұсынылып, тиімділігі көрсетілді. Ұстаздар қауымы өзара әріптестік орнатып, білім саласын дамыту бағытындағы әдістері мен ұсыныстарын талқылады.
Previous Post

ТҮРКІСТАН: «ОТБАСЫ. ТҰЛҒА. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ» АТТЫ АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Next Post

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ 1-КУРСТАН БАСТАП ӨЗ САЛАСЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ІСТЕЙ АЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі