13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экология

Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауы таралып жатыр

17 сентября, 2020
in Экология
0
Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауы таралып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Солтүстік Қазақстан облысында жоғары патогенді құс тұмауының таралуына қарсы шаралар жасалып жатыр деп хабарлайды Oinet.kz. Вакциналар әкелініп, аумақтар дезинфекцияланады, өлген жануарлардың мәйіттері жойылып, құс еті мен құспен байланысты өнімдерді экспорттауға тыйым салынды.

Ұлттық анықтамалық орталық құстардың қырылуына жоғары патогенді құс тұмауы себеп болғанын анықтады. Қабылданған ережелерге сәйкес, Қазақстан эпидемиялық ауру туралы дүниежүзілік жануарлардың денсаулығын қорғау ұйымын хабардар етті. Тұмаудың таралуының алдын алу үшін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 2020 жылғы 17 қыркүйектен бастап тірі құстар мен инкубациялық жұмыртқаларды, мамық пен қауырсындарды, құс еттерін және құс өнімдерінің барлық түрлерін, құсқа арналған жем және жем қоспаларын экспорттауға уақытша шектеулер енгізді. Бұл шектеулер Тимирязевский, Жамбыл, Қызылжар, Тайыншинский, Шалақын, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев аудандарында қатаң сақталады.  Ерекше қауіпті ауруды жою үшін қазіргі уақытта Республикалық эпизоотияға қарсы отряд пен Солтүстік Қазақстан аумақтық инспекциясы құс мәйіттерін жою, үй-жайлар мен ауланың аумақтарын дезинфекциялауды қоса алғанда, міндетті шаралар кешенін жүргізуде. Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарда жануарларды вакцинациялау үшін жоғары патогенді құс тұмауына қарсы 873 мың доза отандық дәрі-дәрмектер бөлінді. Арнайы комиссияның шешімімен Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің эпизоотияға қарсы отряды өлген құстардың иелеріне жануарлардың орташа айлық нарықтық құны мөлшерінде өтемақы төлейді. Өңірдегі эпизоотикалық жағдай министрліктің бақылауында. Еске салайық, 26 тамызда Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық министрлігі Ресей Федерациясының Омбы облысынан тірі құстарды, құс өнімдерін және онымен байланысты өнімдерді Қазақстанға әкелуге шектеулер енгізді, бұл патогенділігі жоғары құс тұмауының вирусына байланысты.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

«Nur Otan» партиясынан Шымкент қалалық мәслихатына кандидат Бағдат Үйсінбайдың сайлауалды бағдарламасы

Next Post

Шымкенттегі «qyrgy bazar» аумағы ұлғаяды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі