13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: “Жасыл қала» бағдарламасына арналған арнайы жиын өтті

13 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: “Жасыл қала» бағдарламасына арналған арнайы жиын өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Ауқымды жоба мегаполистің инфрақұрылымын жақсарту мақсатында экологиялық мәселелерді кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді. Бүгін Шымкентте «Жасыл қала» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында арнайы жиын өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған бағдарламаның мақсаты – қаланы көгалдандыру, агро-ауыл шаруашылығы белдеуін дамытып, сақтау және әлемдік мегаполистер тәжірибесі бойынша жаңа бау-саябақ мәдениетін құру.

Ауқымды жоба мегаполистің инфрақұрылымын жақсарту мақсатында экологиялық мәселелерді кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаны жүзеге асыру тетіктері талқыланған жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов пен Орталық Азия бойынша Еуропа қайта құру және даму банкінің қатысып, бірлескен іс-шаралар жоспарын пысықтады. Жобада жер, су ресурстарын тиімді пайдалану, ауаның ластануы, орталық жылу жүйесі, көлік кептелістері мен қалдықтарды залалсыздандыруға қатысты қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешудің инвестициялық жобалары мен іс-шаралары қарастырылған. «Консультанттардың халықаралық тәжірибесі бізге қаланы тұрақты дамытуда оңтайлы техникалық шешімдер мен ұсынымдарды қарастыруға мүмкіндік береді деп үміттенемін.

Біз жоспар шеңберінде қаламызда қоғамдық көліктердің баламалы түрлерін енгізу, агломерациямен көлік мәселесін шешу, суару секторы, энергияны үнемдейтін сыртқы жарықтандыру, тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бағыттарын дамытуды көздеп отырмыз. Жоспарды жүзеге асыруға әкімдік құрылымындағы тиісті басқармалардан бөлек азаматтық қоғам, бизнес, сарапшылар қауымдастығының өкілдері де белсенділік танытады деген сенімдемін», — деді қала әкімі. Айта кетейік, 2018 жылы қабылданған «Жасыл қала» бағдарламасында көгалдандыру, ауыл шаруашылығы белдеуін дамыту, әлемдік мегаполистер тәжірибесімен бау-саябақ мәдениетін құру мақсатындағы кешенді жоспарлар қарастырылған.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Тұран ауданындағы 20-дан астам көше жарықтандырылады

Next Post

ШЫМКЕНТ: «Жас Ұлан» мектебінде батырға бюст орнатылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі