13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте ұлттық ат спорты бәйгесінен ҚР чемпионатына іріктеу өтті

13 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте ұлттық ат спорты бәйгесінен ҚР чемпионатына іріктеу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бәйгеде 65 сәйгүлік пен шабондоз додаға түсті. Бүгін Шымкент қаласының ипподром алаңында Ұлттық ат спорты бәйгесінен ҚР чемпионатының аймақтық іріктеу турнирі өтті. Аталған шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, жиналған жанкүйерлерді аламанның ашылуымен құттықтады. Қаламызда ұлттық спорт түрлері бұқаралық сипат алған. Қазір 20 мыңнан аса спортшы ұлттық спорт түрімен шұғылданады. — Біздің спортшылар өткен жылы Әлем, Азия және ел чемпионаттары мен кубоктарындағы медальдер саны бойынша республика бойынша көш бастады.

Бүгінгі республикалық бәйге жарысы да мегаполисіміздің мерейін асырып, ұлттық спорттың өркендеуіне мол мүмкіндік береді деп сенемін, — деген Мұрат Дүйсенбекұлы дүбірлі додаға қатысушыларға жеңіс пен сәттілік тіледі. Турнирде ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Т.Есентаев және республикалық «Бәйге» федерациясының президенті Қ. Көпбаев қонақ ретінде келді. Сондай-ақ, бәйгеде 65 сәйгүлік пен шабондоз додаға түсті. Аламан бәйгеде оза шауып, жиырма бір шақырымдық жолда желдей жүйріктік танытқан елордалық Бақыт Торғаев, Қыран есімді сәйгүлігімен бірінші орынды қанжығасына байлады. Он төрт шақырымдық топ бәйгеден Ұлытау атты тұлпары бар Нұрдәулет Әкімжанов бірінші орынды иеленді. Сайыстың соңғы сатысы сегіз шақырымдық құнан бәйгеде шымкенттік Шағала атты жүйріктің иесі Бекжан Қоржынбаев бірінші орынға лайық деп табылды.

Шараны Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Бәйге» федерациясы республикалық қауымдастығы ұйымдастырды. Айта кетейік, Шымкентте ұлттық спорт түрімен шұғылданатын азаматтар саны артып, 20 742 адамға жетті. 2022 жылдың статистикалық қорытындысына сәйкес, шымкенттіктердің 42 пайызы, яғни 498 852 адам дене тәрбиесімен айналысып, спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Ұлттық спорт түрлерімен шұғылданатын азаматтар оның 4.1 пайызын құрап отыр. Мегаполисте ұлттық спорт түрлерін насихаттап, дамыту мақсатында Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубы жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда ұлттық спорт түрінен ҚР Еңбек сіңірген 2 жаттықтырушы еңбек етіп келеді. Сонымен қатар, ҚР жасөспірімдер, жастар, ересектер құрама командасының тізімінде 1 ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, 4 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 8 ҚР спорт шебері, 111 Спорт шеберіне үміткер және І спорттық дәрежедегі 57 спортшы бар.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Тұран-2 шағынауданында жаңа үйлердің аулалары абаттандырылып жатыр

Next Post

ШЫМКЕНТ: «Ана тілі және отбасы – 2023» байқауы мәресіне жетті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі