Бүгін, «AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауға келген тұрғындарды Партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Алтынсары Үмбетәлиев, Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмайлов және «AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы Е. Исақұлов, Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары М. Аширбаев қабылдап, тұрғындарды қабылдауға 16 аудандық бөлім басшыларымен құқық қорғау қызметкерлері қатысты. Қабылдауға келушілер өз арыз-шағымдарын айтып, ұсыныстарын білдірді. Нақтырақ айтсақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға берілетін ИПР мәселесі, жер, үй алу сонымен қатар Талдыбұлақ елді мекенінің газ мәселесі, әлеуметтік көмек көрсетуге ықпал ету мен ішкі жолдарды асфальттау және жайылым жер мәселесі бойынша жалпы 10 тұрғын мәселесін айтты. Мектеп, спорт алаңшаларын салу жөнінде де азаматтар өз сұрақтарын қойды. Ауданға қарасты С.Рахимов ауыл округінен келген тұрғын, «Сабыр Рахимов» атындағы ЖОМ құрылысы тоқтап тұрғанын алға тартып, құрылысын жүргізуге ықпал жасауды сұрады. Туындаған мәселе бойынша жауаптылар, мектеп құрылысы 2022 жылы басталған. Алайда облыстық құрылыс және сәулет құрылысы басқармасының айтуынша 2015 жылы жасалған ЖСҚ қазіргі таңдағы құрылыс заттарының қымбат болуына байланысты қосымша қаржы қаралуда екенідігін айтып жауап берді. Жалпы 1 тұрғын ауданға қатысты күрмеуі қиын, шешімі табылмай тұрған бірнеше проблемадан көтерді. Қабылдауға катысқан жауапты бөлім басшылары тиісінше заңды жауаптарын берді. Бірнеше өзекті деген мәселені аудан әкімі өз қадағалауына алатынын айтты. Сонымен қатар Партия төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Алтынсары Үмбетәлиев қабылдауда болған азаматтарға айтылған кемшіліктер бойынша белгіленген мерзімде жауап берілетінін және заң аясында шешім қабылдап тиісті ұсыныс жасайтынын жеткізді. Тұрғындар айтқан бірнеше мәселенің шешімі сол мезетте табылып, көңілге қонымды жауаптырын алды.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі