13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Тұмауға қарсы екпе жұмыстары басталды

15 сентября, 2020
in Экономика
0
Тұмауға қарсы екпе жұмыстары басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Жылдың суық мезгілі келуімен жіті респираторлық вирусты инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмау ауруының маусымы басталады. Сондықтан сырқаттардан сақтана білген жөн. Түркістан облысы бойынша 2020 жылға тұмауға қарсы Ресейлік «Гриппол+» вакцинасының 240 637 дозасы алынып, тұмауға қарсы егумен облыс тұрғындарының 12,14%-ын қамту жоспарланып отыр. Жоспарлы профилактикалық егу халықтың жекеленген санаттарына (медицина қызметкерлері, жиі ауыратын балалар, жүкті әйелдер,жабық мекемелер және т.б.) тегін жүргізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысының орынбасары Елемесов Бақтыораз мәлімдеді.
Оның айтуынша, әдетте тұмаудың эпидемиялық маусымы 1-ші қазаннан басталып, келесі жылдың сәуір айының соңына дейін созылады. Алғашқы қазан-қараша айларында риновирус, аденовирус, парагрипп сияқты жедел респираторлы вирусты инфекциялар тіркеледі. Сондықтан екпе жұмыстары алдын ала қыркүйек айынының 15-нен басталуда.
«Облыс бойынша ағымдағы жылдың 8 айында 4820 жағдай жедел респираторлы вирусты инфекциялар тіркеліп, былтырғы 2019 жылмен салыстырғанда аурушаңдық 11,3%-ға төмендеген. Ауырғандардың ішінде 50,7%-ы 14 жасқа дейінгі балалар. Көпшілікке мәлім, әлемді жайлаған коронавирусты індеттің пандемиясы біздің республиканы да айналып өткен жоқ. Мамыр-шілде айларында республика бойынша, оның ішінде біздің облыста да коронавирустық инфекциядан эпидемиологиялық ахуалдың асқынулары орын алды. Болжамдар бойынша күз-қыс айларында коронавирустық инфекцияның екінші толқыны туындап, ЖРВИ мен тұмаудың мезгілдік кезеңімен сәйкес келіп, қабаттасуы эпидемиологиялық жағдайды асқындыруы ықтимал. Сондықтан республика бойынша тұмаудың профилактикалық және мониторингтеу іс-шаралары алдын-ала пысықталып, қыркүйектен бастап жүргізілетін болып шешілді», — деді Бақтыораз Мизамұлы.
Сондай-ақ, брифингте қатысқан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Нұрхан Нарымбетова екпенің маңыздылығына тоқталды.
«Тұмаудың салдарынан вирусты және бактериалды пневмонияға, отит, гайморит, менингит, энцефалит, сонымен қатар септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Өте ауыр жағдайларда жиі өліммен аяқталады. Тұмаудың алдын алудың ең сенімді жолы — эпидемиялық кезең басталмай тұрып тұмауға қарсы егу. Сонымен қатар облысымызда жұмыс берушілер есебінен мекеме, кәсіпорын жұмысшыларын егу шаралары қарастырылуда. Одан бөлек азаматтардың өз қаражаттарына тұмауға қарсы профилактикалық егуді Түркістан қалалық емханасы қолға алып отыр», — деді ол.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Петропавл қаласында заманауи үлгідегі жаңа университет ашылады

Next Post

Айгүл Орынбек: «Әйтенов, жерді саудаламай, жолдарды дұрыстап төсе!» (видео)  

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі