13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

«Ұлттық мұра жаршысы» деректі фильмінің тұсауы кесілді

14 сентября, 2020
in Мәдениет
0
«Ұлттық мұра жаршысы» деректі фильмінің тұсауы кесілді
Share on FacebookShare on Twitter

«Ұлттық мұра жаршысы» деректі фильмінің тұсауы кесілді

Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашалығы орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра жаршысы» деректі фильмінің тұсауы кесілді. Ұлттық өнерді насихаттаушы – жыршы, күйші, домбыра ұстасы, ер ұстасы, бүркіт, тазы баптаушы, ағаш ұстасы және т. б. кейіпкерлер туралы сыр шертетін туынды өңірдің оң имиджін қалыптастыру мақсатында өткізілген баспасөз конференциясы барысында таныстырылды.

Конференцияға деректі фильмдердің кейіпкерлері келестік жыршы, термеші Абылай Бөріханов пен отырарлық тарихи суретші Әділхан Мәлік қатысып, халқымыздың сан ғасырлар бoйы атадан балаға мирас болып жеткен рухани және мәдени құндылықтар туралы сөз өрбітті.

Жиында, сондай-ақ, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасына бағытталған Түркістан облысындағы әр ауданның табиғаты мен киелі мекендеріне қысқаша саяхатқа шақыратын «Туған ел» әніне облыс, аудан, қала әншілерінің орындауында түсірілген клиптің тұсауы кесілді.

Конференцияда белгілі сазгер Бекжігіт Сердәлінің 60 жылдық мерейтойына арнайы дайындалған «Неге, неге» әніне Қырғызстан, Өзбекстан, Армения және Қазақстанның жас әншілерінің қатысуымен түсірілген бейнеклиптің де тұсауы кесілді. Сазгер туындыға оң бағасын беріп, әсем әуеннің жаңа форматта әзірленіп, орындалуына таңқалғанын жасырмады.

Жалпы жобаның режиссері Мейіржан Алиакбаров бұл дүниелердің қазақ музыкасын, мәдениетін насихаттауға бағытталғанын, сонымен қатар, «Ұлттық мұра жаршысы» деректі фильмдер топтамасы түрік және ағылшын тіліне аударылып, шетелдік телеарналарда көрсетілетінін айтты. Осындай халықаралық жобалардың бірінде ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына арнайы Венгрия, Башқұртстан, Германия, Бурятия, Қырғызстан, Украина, Ресей, Армения, Болгария, Қазақстан елдерінің өнер шеберлерінің орындауындағы «Қуаныш вальсі» әніне түсірілген клип әлеуметтік желідегі ең көп таралған челендж клип болғандығын жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Шымкентте ашық конкурс арқылы 4 білім мекемесіне директор тағайындалды

Next Post

Ерекше қайырымдылық эстафетасы  бастау алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі