13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

ҚР Президенті челленджді қолдап, өзі оқып жатқан кітап-басылымдардың тізімімен бөлісті

18 апреля, 2020
in Cаясат
0
ҚР Президенті челленджді қолдап, өзі оқып жатқан кітап-басылымдардың тізімімен бөлісті
Share on FacebookShare on Twitter

– Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде ұйымдастырылған «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасына қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осы орайда, Мемлекет басшысы Instagram-дағы парақшасында қазіргі уақытта оқып жатқан кітаптар мен газет-журналдардың тізімімен бөлісті. «Қазіргідей елең-алаң уақытта баршаңыздың күнделікті тіршіліктеріңіз өзгеріске ұшырағаны белгілі. Пандемиядан қорғанудың бірден-бір жолы – әлеуметтік оқшаулану, яғни үйде болу екенін жаһан жұртшылығы мойындап отыр. Әрине, бұл – уақытша құбылыс, өтпелі кезең. Дегенмен, осы уақытты барынша тиімді пайдалану – әрбір адамның өз қолында. Сондықтан, осы карантин күндері ақын-жазушылар, журналистер, мәдениет қайраткерлері және қатардағы азаматтарымыз әлеуметтік желіде «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасын ұйымдастырған екен. Бұл бастаманы толық қолдаймын және осындай игі істі қолға алған отандастарыма шынайы ризашылығымды білдіремін», — деп жазды Мемлекет басшысы. Қ.Тоқаев карантиндегі алтын уақытты пайдалы істерге жұмсаған жөн екенін атап өтті. «Шын мәнінде, кітап оқу – рухани кемелденудің көзі десем артық емес. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Жалған деректің, шындыққа жанаспайтын қауесеттердің де тез тарап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан, мұндай жағдайға мейлінше жол бермеу үшін алтын уақытымызды осындай пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн. Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің менің атыма жолдаған эстафетасын қабылдаймын және осы күндері оқып жатқан кітаптар мен газет-журналдардың тізімін ұсынамын: ⠀ 1. Жүсіп Баласағұн. Құтты билік. 2. Абай Құнанбаев. Хикмет кітәбі. Книга мудрости. Book of wisdom. 3. Winston Churchill. The Second World War. Volume III. The Grand Alliance. 4. Тұрсын Жұртбай. Құнанбай. 5. Ерлан Сыдыков. Кунанбай. 6. Адам Туз. Крах. Как десятилетие финансовых кризисов изменило мир. 7. Алек Росс. Индустрии будущего. The Industries of the future. 8. Кевин Келли. Неизбежно. 12 технологических трендов, которые определяют наше будущее. 9. Parag Khanna. The Future is Asian. 10. «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Turkistan» және т.б. газеттер, «Жұлдыз» журналы. ⠀ Осы мүмкіндікті пайдаланып, бұл эстафетаны барша отандастарыма, әсіресе, жастарға жолдаймын және төмендегі әдебиеттерді оқуға кеңес беремін», — деді Президент.

 

Previous Post

Шымкентте екі отбасының 11 мүшесі коронавирус жұқтырды

Next Post

Ораза айының өңірлер бойынша кестесі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі