13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «БАСТАУЫШ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМДАРЫ — ИГІ ІСТЕР БАСТАУЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

3 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «БАСТАУЫШ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМДАРЫ — ИГІ ІСТЕР БАСТАУЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Шардара» мектеп-лицейінде отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастыру мақсатында Шардара аудандық ардагерлер кеңесінің «Бастауыш ардагерлер ұйымдары — игі істер бастауы» атты аудандық семинар өтті.

Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басталғаннан мектептерде іс-шаралар атқарылады. Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітіледі. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізіліп отырады. «Жасөспірім жəне қылмыс» тақырыбы бүгінгі күні маңызды болып саналады. Өкінішке орай кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінеді. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді. Кәмелетке толмағандардың қылмысын ерте алдын алудың негізгі құралы құқықтық сананы дұрыс тәрбиелеу және қолайсыз отбасын декриминализациялау, бұған құқықтық нормаларды жетілдіру және балаларды тәрбиелеудегі азаматтардың жауапкершілігін арттыру шаралары енеді.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» демекші, жалпы семинарда ата – ана мен бала арасындағы алшақтық, әкенің бала тәрбиесіне көңіл бөлуі, отбасылық тәрбиеде әкенің ролі айтылып, алдағы уақытта іс-шара жоспарлары құрылып, ауданымыздың елді мекендерінде «Әкелер мектебін», «Әжелер мектебін» қайта құрып, жандандыру қажет екені айтылды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БҮГІНГІ ТАЛАПКЕР – ЕРТЕҢГІ МАМАН!

Next Post

ШЫМКЕНТ: 13 көшеге ирригациялық арықтар салынып жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі