13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Түркістанда ашық аспан астында праймериздің пікірсайысы басталды

14 сентября, 2020
in Cаясат
0
Түркістанда ашық аспан астында праймериздің пікірсайысы басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін «Nur Otan» партиясының праймериз өткізу кестесіне сәйкес, Түркістан облысының  аудан, қаласында жария пікірсайыс басталды. Түркістан қаласындағы дебат Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы амфитеатрда өтті. Ерекше орында ұйымдастырылған пікірсайысқа 6 үміткер қатысып, өз біліктілігі мен сөзге шешендіктерін көрсетті.  Кезінде талай билер кеңесі өткізілген Түркістан төрінде пікірсайыстар да жоғары деңгейде өткізілді. Осы саяси додаға арнайы келген «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бейсен Тәжібаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Бір дәуірлерде ашық аспан астындағы амфитеатрлар күш сайысы өтетін орындар болса, қазір көне шаһарда бұл орын ой сайыстыратын орталыққа айналды. Республика бойынша праймеризге қатысушылардың 1144-і Түркістан облысынан қатысып отыр. Соның ішінде Түркістан қаласынан 106 үміткер бақ сынауға бел байлапты. Мұндай дебаттардан тартынбау керек. Ой түкпіріндегі жоспарларыңызды, бағдарламаларыңызды ашық айтып, жұртшылыққа таныстырған жөн. Сіздерді ашық бәсекеде пікірсайыс талабы мен ережесін сақтай отырып, жоғары деңгейде пікір таластырады деп сенемін. Елбасының бастамасын қолдап, Түркістанды дамыту бағытында еңбек сіңіреді деп есептеймін. Қасиетті Түркістан төрінде саяси қадамды бастап, адалдық пен адамдықты ту етіп шығатындарыңызға сенімдімін. Баршаңызға сәттілік тілеймін», – деді Бейсен Дәулетұлы.
Даладағы еркін форматтағы дебат қатысушыларға ерекше шабыт сыйлады. Олар көкейде жүрген ойларын айтып, бір-бірінің сайлауалды бағдарламалары бойынша сұрақтарын қойды. «Уәде беру – оңай. Оны орындау бар. Келешекте депутат болған тұлғалар да осы амфитеатрда, ел алдында есеп берсе», – дейді праймеризге қатысушылар.
Жалпы Түркістан облысында 30 қыркүйекке дейін 200-дей жария пікірсайыс ұйымдастырылып, оған 1100-ден астам кандидаттар қатысуы керек. Бүгінде 16 аудан, қалада жария пікірсайыстар өткізіліп жатыр.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Ретсіз саудамен күрес жұмыстары жалғасын табуда

Next Post

Шымкентте ашық конкурс арқылы 4 білім мекемесіне директор тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі