13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: 2025 жылға дейін «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 324 мектептің кітапханалары жаңғыртылады

2 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан: 2025 жылға дейін «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 324 мектептің кітапханалары жаңғыртылады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы бойынша 2025 жылға дейін «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 324 мектептің кітапханаларын жаңғырту жоспарлануда. Иә, заманауи кітапхана оқушының тек кітап алып, кітап оқитын орны ғана емес, баланың толыққанды ақпарат алып, ізденетін, еркін ойлы қатарластарымен бірге тиімді уақыт өткізетін ортасы болып саналады.

Білім беру ұйымдарындағы кітапханаларда IТ жабдықтары бар Coworking – орталықтары ашылатын болады. Білім беру ұйымдарының жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру бағдарламасы іске асырылуда. Халқы тығыз орналасқан Сайрам және Мақтаарал аудандарында 2 оқу өндірістік комбинаты сақталып, оған аудан орталығындағы мектептердің 4520 оқушысы 12 мамандық бойынша алғашқы кәсіптік білім алып, куәлік алған.

Білім беру ұйымдарының бітіруші түлектеріне кәсіптік бағдар беру бағдарламасы іске асырылуда. Қазақстан Республикасының президенттік «Болашақ» бағдарламасының түлектері ауыл балаларына «Өскенде кім боласың» тәлімгерлік жұмысын тегін жүргізіп, мектеп түлектерінің болашақ мамандық таңдауына үлесін тигізді.

Жаңа оқу жылынан бастап барлық аудан, қалада орналасқан мемлекеттік колледждер базасын және оқытушылар әлеуетін пайдалана отырып, оқу өндірістік комбинаттар жұмысы жүргізіліп, кәсіптік білім саласын игерген оқушылардың үлесі артатын болады.

Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша оқушылардың үлгерім сапасы 69,4 пайызды құрап, алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 5,7 пайызға өсті. (63,7%).

Айта кетсек, Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша республика көлемінде «100 үздік мектеп» тізіміне Түркістан облысының 11 мектебі енген. Бұл өңірдің педагогтерінің қажырлы еңбегі екендігін атап өткен жөн. 2020-2021 оқу жылында 11-сыныпты бітірген 30049 түлектің 1431-і «Алтын белгі» иегері атанса, 2211 оқушы «Үздік» аттестатпен бітірді.

Ендігі жылдан бастап мектеп, колледждердің білім сапасы ЖОО-на грант негізінде түскен түлектерінің үлесімен бағаланады. Айта кетсек, өңірде «Мұғалім мектептің жүрегі» мұғалімнің кәсіби дамуы да басты назарда тұр.

Previous Post

Түркістан облысы: «TURKISTAN BILIMI» ЭКОЖҮЙЕСІ ӘЗІРЛЕНУДЕ

Next Post

ШЫМКЕНТ: Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі