13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент әкімі күн электр станциясының құрылысы барысымен танысты

14 сентября, 2020
in Жаңалықтар
0
Шымкент әкімі күн электр станциясының құрылысы барысымен танысты
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала маңынан салынып жатқан күн электр станциясына барып,  қуаттылығы 20 МВат болатын нысанның құрылысымен танысты.

Электр энергиясын өндіретін нысанның құрылысын әкімдік пен «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ-ның  қолдауымен ресейлік инвесторлар «Хевел» компаниясы жүзеге асырып жатыр. 50 гектар жерге салынып жатқан жобаның құны  6,2 млрд теңгені құрайды.  Мамандардың айтуынша, мұнда 49 мыңнан астам күн модульдерінен тұрады екен.  Жылына 38 млн тг/кВт*сағ энергия өндіріледі деп күтілуде. Яғни, станция өндірген электр энергиясын 10 мың үй тұтына алады.

Жобада тиімділігі жоғары гетероқұрылымды екі жақты күн модульдері қолданылып жатыр. Өз кезегінде бұл электр энергиясын өндіруді 20% — ға арттыруға мүмкіндік береді.

Жоспар бойынша күн электр станиясының құрылысы биыл қазан айында аяқталуы тиіс. Атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысқан Мұрат Әйтенов станция жұмысына жергілікті кадрларды тартып, отандық өнімдерді пайдалану қажеттігін айтты.

Айта кетейік, «Хевел» компаниялар тобы 2009 жылы құрылған және Ресейдегі күн энергетикасы саласындағы ең ірі интеграцияланған компания болып табылады. Еліміздегі жобаны іске асыру құқығы берілген  «Hevel Kazakhstan (Хевел Казахстан)» ЖШС-і осы «Хевел» МК еншілес компаниясы.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Қайтарымсыз мемлекеттік грантпен кәсіп ашып отыр

Next Post

Ретсіз саудамен күрес жұмыстары жалғасын табуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі