13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МЕКТЕП ҚЫЗМЕТКЕРІ ЭЛЕКТРЛІ ШӨП ОРАТЫН МАШИНА ЖАСАП ШЫҒАРДЫ

2 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МЕКТЕП ҚЫЗМЕТКЕРІ ЭЛЕКТРЛІ ШӨП ОРАТЫН МАШИНА ЖАСАП ШЫҒАРДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданының тұрғыны Маулен Сытыбаев №27 Н.Тілендиев атындағы жалпы орта мектебінде 20 жылдан бері кіші қызметкер болып жұмыс істейді. Мектеп қызметкері өз қолымен шөп оратын электрлік шөп оратын машина құрастырды. Мектеп ауласы кең болғандықтан, мұндай техникаға деген қажеттілік бары анық. Айта кетсек, ауыл тұрғынының бұл өнертабысына деген сұраныс та артуда. Мектеп қызметкернің сөзінше ол мұндай құрылғыны бірінші рет жасап отырған жоқ. Тіпті бұл құрылғыны сатып алуға ниет білдіргендер де көп.

— Мұндай машинаны жасауға бір күн ғана уақыт кетеді. Ол үшін ескі коляска, қарапайым насостың электромоторы және қолара болса жеткілікті. Бұл менің жасап шығарған бесінші машинам болып табылады. Ауыл тұрғындары 5000-10000 теңгеге сатып алып та жатады. Жалпы тұрмыстық жағдайда қолдануға ыңғайлы, — дейді Мәулен Абдурахманұлы.

Ауыл шаруашылығы өндірісі күрделі және қажырлы еңбекті қажет ететін сала болып табылады. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру процестерін механикаландыру еңбектің жеңілдеуіне, өнімділіктің артуына және өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне ықпал етеді. Машиналарды қолдану жұмыстарды тығыз агротехникалық мерзімдерде жүргізуге мүмкіндік береді. Бақшасы бар кез-келген адам, әсіресе гүлзарға үнемі күтім жасау қажет екенін біледі, яғни оны әр екі-екі апта сайын кесіп отыру керек. Электрлік шөп шабатын машиналардың көпшілігі шабылған шөпті жинайтын арнайы жинайтын құрылғымен жабдықталған. Олар шығарындыларсыз, тыныш және оларды пайдалану оңай.
Маулен Абдурахманұлы қазіргі таңда 61 жасқа толып отыр. Зейнет жасына жақындаса да еңбек етуден жалықпайтын ауыл тұрғыны ауыл тұрғындарының техникаларын да жөндеп беріп тұрады екен.

Айта кетсек, Түркістан облысы оқушыларының еңбегі ғылыми жобалар сайысының қорытындысы бойынша Түркістан Алматы мен Павлодар облыстарымен бірге білім саласы бойынша үздік үштікке енген.

Previous Post

Шымкент қалалық Антикор 100-ге жуық кәсіпкердің құқықтарын мемлекеттік органдардың тексерулерінен қорғады

Next Post

ЖЕТІСАЙ: РЕСПУБЛИКАҒА ТАНЫМАЛ 100 МЕКТЕПТІҢ ҚАТАРЫНА ЕНГЕН МЕКТЕП - ГИМНАЗИЯ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі