13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Мейірім-жүректен» атты айлық іс-шара өткізіледі

3 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Мейірім-жүректен» атты айлық іс-шара өткізіледі
Share on FacebookShare on Twitter

Аталған іс-шара 25 сәуір мен 25 мамыр күндері аралығында өтеді. Шымкент қалалық прокуратурасы мен білім басқармасының «Мейірім-жүректен» атты бірлескен айлық жоспары бекітілді. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Тәжиева Жанат Арысбекқызы брифинг барысында мәлімдеді. Іс-шара 25 сәуір мен 25 мамыр күндері аралығында өтеді.

Аталған шараның мақсаты — жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың профилактикасы, сондай-ақ өзіне-өзі қол жұмсау фактілерін болдырмау және өмір қауіпсіздігін сақтау. Бүгінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында 7 бағытты қамтитын кешенді іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының құрамында 56 мүше бар. Олар ата-ана құқығынан айыру, бейімдеу немесе девиантты балалар орталығына жіберу, кешкі мектепке орналастыру және білім беру ұйымдарының есебін тыңдау негізінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, Шымкент қаласының білім беру ұйымдарында 320-дан астам тәрбие жөніндегі орынбасар, 170-ке жуық әлеуметтік педагог және 270-ке жуық педагог-психолог қызмет атқаруда. Барлық білім беру ұйымдарында медиация кабинеттері ашылған және тәрбие жұмысын дамыту мақсатында «Ата-аналар академиясы» бекітілген. Ал, басқарма жанынан психологиялық-педагогикалық қызмет, тәрбие беру орталықтары құрылып, жұмыс атқаруда.

Айта кетейік, қазіргі таңда қаламыздағы білім беру ошақтарында «Әкелер мектебі», «Аналар/әжелер мектебі», «Ұлдар клубы» мен «Қыздар клубы» сынды ұйымдар жұмыс істейді. Сондай-ақ, «Үштік одақ», «Оқуға құштар мектеп», «Мектеп Парламенті» «Өзін-өзі басқару», «Дебаттық қозғалыс» сияқты тәрбиелік мәні бар жобалар іске асырылуда. Мектеп қабырғасындағы бұл жобалардың бірі сыни ойлау дағдыларын қалыптастырса, енді бірі көркем әдебиетке қызығушылықты оятады. Ал, ең бастысы ата-ана мен оқушы-мектеп байланысын арттыруға айтарлықтай үлес қосады. Сонымен қатар, «Adal urpaq» және «Sanaly urpaq» еріктілер клубтары білім алушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке тәрбиелеуге бағыттайды.

Previous Post

Шымкентте жаңа медициналық сауықтыру орталығы ашылды

Next Post

ШЫМКЕНТ: Жаңа оқу жылына дейін 6 мектеп пайдалануға беріледі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі