13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: №1 қалалық клиникалық ауруханада сейсмикалық жаттығу өтті

3 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: №1 қалалық клиникалық ауруханада сейсмикалық жаттығу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Оқу-жаттығу кезінде төтенше жағдай қаупі төнген кезде медицина қызметкерлерінің әрекеттері пысықталды. Шымкенттегі №1клиникалық аурухананың базасында жалпы қалалық жаттығу шеңберінде медицина қызметкерлері мен клиниканың барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің қатысуымен сейсмикалық жаттығу өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы мәлімдеді. Оқу-жаттығу кезінде төтенше жағдай қаупі төнген кезде медицина қызметкерлерінің әрекеттері пысықталды. Аталған іс-шараға клиникалық аурухананың қызметкерлерінен құрылған құтқару командасы, санитарлық пост, барлау және өрт сөндіру топтары жұмылдырылды.

Айта кетейік, жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар қалалық азаматтық қорғау жүйесінің дайындығын және өрт, жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде халықтың іс-әрекетін тексеруге бағытталған. Оқу-жаттығудың барысында №1 қалалық клиникалық ауруханада қызметкерлерімен жеңіл дәрежедегі науқастарды қауіпсіз аймаққа шығару, тасымалдауға келмейтін науқастарды болуы мүмкін жер сілкінісі кезінде, терезелерден, ауыр жиһаздардан және тағы басқа да қауіпті нысан маңынан алысқа жайғастыру, алдын ала дайындалған ғимарат ішіндегі қауіпсіз орындарға жайғастыру пысықталды. Жалпы мұндай жаттығулар жыл сайын «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткізіледі.

Сейсмикалық жаттығуларға барлық азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар қызметтері, ұйымдар, кәсіпорындар, медициналық мекемелер, оқу орындары және қала тұрғындары жұмылдырылды. Еске сала кетейік, Шымкент қаласы әкімінің қаулысына сәйкес, 2023 жылдың 5 мамырында өтетін жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 мамырға ауыстырылды. 12 мамыр күні сиреналардың дыбысын естігенде ғимараттан шығып, ашық, қауіпсіз жерге бару қажет. Үйден шықпас бұрын газды, суды, электр қуатын өшіруді ұмытпаңыздар. Үрейге берілмей, сабыр сақтауды сұраймыз.

Previous Post

Шымкентте street art стилінде тағы бір жаңа мурал салынды

Next Post

Шымкентте жаңа медициналық сауықтыру орталығы ашылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі