13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент-Кутаиси арасында әріптестік байланыс жанданады

3 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкент-Кутаиси арасында әріптестік байланыс жанданады
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. ​Кутаиси қаласының мэрі И.Хахалейшвилидің шақыруымен Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Қалкабаев пен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова Грузияның үшінші ірі қаласына іс-сапармен барды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Сапар аясында Шымкент пен Кутаиси арасындағы туризм саласында екіжақты ынтымақтастықты дамыту бағытында кездесулер жоспарланған. Кутаисиде бүгін қала күні аталып өтуде.

Шымкенттік делегация мерекелік салтанатты шараға қатысып, «Достық” аллеясында ағаш көшеттерін отырғызатын болады.

Айта кетейік, мамыр айының соңында «Flyarystan» әуекомпаниясы Шымкент-Кутаиси бағытында аптасына екі күндік әуе қатынастарын жаңғыртпақ. Еске сала кетейік, 2023 жылдың басынан бері Сыртқы байланыстар бөлімімен қала әкімі және қала әкімінің орынбасары деңгейінде шетел өкілдерімен әкімдік ғимаратында 16 кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында қалада инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізілді және елшілердің сыпайылық кездесулері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ҚХР-ның Сиань, және Италияның Генуя қалаларымен бауырластық қатынас орнату бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Ал, қазіргі уақытта Шымкент қаласы 8 мемлекеттің 10 қаласымен бауырлас қала ынтымақтастығына ие. Атап айтқанда, Худжанд, Могилев, Байинь, Стивенэйдж, Измир, Паттайя, Ахарнон, Гросетто, Эскишехир, Адана. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Шымкент қаласымен бауырлас қалалардың басын қосу арқылы, бауырлас қалаларда қала экономикасын дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, мәдени құндылықтарды арттыру бағытында тәжірибе алмасу, бауырластық қарым қатынасты одан ары нығайту үшін дипломатиялық корпусқа арналған форум ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: 13 көшеге ирригациялық арықтар салынып жатыр

Next Post

ШЫМКЕНТ: «Жастар және руханият» аймақтық танымдық жастар форумы өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі