13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ТЕННИСТЕН АЗИЯ ЖӘНЕ ОКЕАНИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ ТУРНИРІ ӨТУДЕ

1 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ ТЕННИСТЕН АЗИЯ ЖӘНЕ ОКЕАНИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ ТУРНИРІ ӨТУДЕ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Ұлттық теннис орталығында «Билли Джин Кинг» және «Дэвис» кубоктары үшін жасөспірімдер арасында Азия және Океания елдерінің Әлем Чемпионатына іріктеу турнирі өтіп жатыр. Бүгін халықаралық жарысқа әлемнің 16 мемлекетінен 48 спортшы бақ сынауға келді. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшелері, Әлем кубогының, Азия чемпионатының және Халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.
Ашылу салтанатында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ойынға қатысушыларға сәттілік тілеп, бұл чемпионат жастарымыздың спорттық әлеуетін арттырып қана қоймай, теннисте жаңа белестерді бағындыруда да маңызы зор екенін атап өтті.
-Жарыстың жастарымыздың теннис спортына қызығушылығын арттыратынына сенім мол, — деді қала басшысы.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп, бұл бағытта бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Тапсырмалар аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қаламызда бұқаралық спортпен айналысатын тұрғындар саны артып, бүгінде 500 мыңға жуықтады. Бұл жалпы халық санының 42 % құрайды. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа ден қойғандардың басым бөлігі жастар екені қуантады. Қазір қаламызда 34 спорт мекемесінде 18 мыңнан аса спортшы мыңнан аса жаттықтырушымен кәсіби оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде.
20 кортпен жабдықталған бұл орталықта қазір 500-ден астам кәсіби спортшы жаттығуда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

ШЫМКЕНТТІКТЕР БІРЛІК МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ

Next Post

ТАТУЛЫҚ-ТҰРАҚТЫЛЫҚ НЕГІЗІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі