13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: Оқушылардың жұмысы «ProEco» экологиялық жобалар байқауында топ жарды

29 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: Оқушылардың жұмысы «ProEco» экологиялық жобалар байқауында топ жарды
Share on FacebookShare on Twitter

5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының республикалық кезеңіне 4 жоба қатысып, 3 жоба жүлделі орындарға ие болды. Аталған жобада Түркістан облысының намысын қорғаған жеңімпаз шәкірттер қатарында: Кентау қаласы, Әл-Фараби атындағы № 14 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Қанай Қаныш та бар. Ол республикалық жобада жүлделі ІІ орынға ие болды. Сарығаш ауданы, №3 М. Ломоносов жалпы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Жорабек Зайна да байқауда жүлделі ІІ орынға жайғасты. Бұдан өзге, Бәйдібек ауданы, М. Әуезов атындағы IT – мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Мақсат Әдемі жүлделі ІІІ орынға ие болды. Қатысушылар төрт бағыт бойынша жұмыстарын ұсынды. «Туған өлке табиғаты», «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем», «Үздік экологиялық бастама», «Таза қала сізден басталады». Ережеге сай жеңімпаздар мен жүлдегерлер жас ерекшеліктеріне қарай 5-6 және 7-8 сынып аралығында анықталған.

Конкурстың мақсаты оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу және экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәдениет қалыптастыру, табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу, мектеп оқушыларының интеллектуалдық –шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып саналады. Бұл байқауға республиканың Астана, Шымкент, Алматы қалаларының және 14 облыстың командалары қатысты. Айта кетсек, 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco»республикалық экологиялық жобалар байқауы басталғалы, сайысқа еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам оқушылары қатысқан. Конкурс ұйымдастырушыларының айтуынша,байқау оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеп, экологиялық сауаттылықты арттырып, мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Жеңімпаз шәкірттерді дайындап, бәйгеге қосқан пән мұғалімдерін құттықтаймыз. Облыстың намысын қорғап, қатысушылардың басым бөлігі респуликалық додада жүлделі орын алғаны үлкен жетістік болып саналады.

Previous Post

АЛТАЙ КӨЛГІНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Next Post

ҚАЗАҚСТАНДА ҒЫЛЫМИ АТАҚТАР ҮШІН ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕНЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі