«Балалар мен жасөспірімдер орталығының» оқушылары кеш қонақтарын тәнті етті. Түркістан облыстық «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасында Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай патриоттық еске алу кеші өтті. Түркістан облыстық «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасында Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай патриоттық еске алу кеші өтті. «Мағжан – сыршыл ақын» тақырыбын арқау еткен әдеби жиынға филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ә.Бақыт пен Т.Көшенова, сонымен қатар Мағжан Жұмабаев атындағы №15 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Умбеталиева арнайы спикер ретінде қатысты.
Оқырмандар арасында поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру және патриоттық сезімдерін қалыптастыруды негізгі мақсат еткен шара барысында «Балалар мен жасөспірімдер орталығының» оқушылары кеш қонақтарын тәнті етті. Олар қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың поэзияларынан үзінді оқыды. Әдеби шара соңында мектеп оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандарына, балалар мен жасөспірімдер орталығының Көркем сөз үйірмесінің және Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп оқушыларына арнайы алғыс хат табыстады.
Айта кетсек, Мағжан Жұмабаев қазақтың бірлігі мен Алаштың азаттығы үшін күрескен танымал тұлға. Оның күрескерлік өмірі мен шығармашылығы Кеңес кезінде кісенде болды. Ақын 1960 жылы ақталған соң, кітаптары Түркияда жарық көре бастаған. Қазақстанда Жұмабаев шығармалары 1989 жылы ғана қайтадан жариялана бастады. Мағжан – сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері, өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса да сырлы, көркем жазады. Мағжан Жұмабаев – бірнеше көркем поэма жазған құлашы кең эпик ақын. Ол өз заманының толғауы күрделі жайларын халқының өткен тарихын жырлау арқылы көрсетуге ұмтылды. Өйткені артта қалған қазақ елін алға жетелеу сол халықтың өз қолынан ғана келмек. Сондықтан да халыққа күш берер осындай ерлік қайнарын Мағжан тарихтан іздеді. Өз шығармаларында кешегі өткен батыр бабаларымыздың ерлігін жырлады. Абылайды, Кенесарыны жырға қосты. Сол арқылы халқының қайратын ұштап, санасын оятуды ойлады.