13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік қызметке орналасқысы келетін жастарға “Ашық есік күні” өтті

28 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік қызметке орналасқысы келетін жастарға “Ашық есік күні” өтті
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Іс-шара барысында жастарға мемлекеттік қызметтің құрылымы және маңыздылығы түсіндірілді. Шымкент қаласында студенттерді әкімдіктің қызметімен таныстыру және мемлекеттік қызметке орналасу тәртібін түсіндіру бойынша “Ашық есік күні” өтті. Қала әкімі аппараты, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы бірлесе ұйымдастырған іс-шараға ЖОО-ның студенттері және колледж шәкірттері қатысты. Іс-шара барысында Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Бағлан Асанбаев мемлекеттік қызметтің құрылымын, маңыздылығын түсіндіріп, аталған жиын шәкірттерге мемлекеттік қызметке кіруіне өз септігін тигізетінін атап өтті.

— Қала әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің 20 пайызы 29 жасқа дейінгі жастар. Жас ұрпақтың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыруда бүгінгі жиынның маңызы зор. Қала әкімдігі бұл бағытта әрдайым қолдауға дайын, — деді аппарат басшысының орынбасары. Сонымен қатар, кездесу барысында Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ардақ Қансейіт мемлекеттік қызметке азаматтарды іріктеудің жолдары, заңға енгізілген өзгерістерді баяндады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Өркендеген қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырған болатын. Осы ретте Шымкент қаласы бойынша 261 жасқа 2,5%-бен жеңілдетілген шағын несие беру жоспарланып, оған республикалық бюджеттен 1,3 миллиард теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде шағын несие өндірісті дамытуға және өнім шығаруға арналған кәсіпкерлік бағытына 5 жылға, ауыл шаруашылығы саласына 7 жылға 5,0 миллион теңгеге дейін берілетін болады. Сенімді өкіл (агент) ретінде «Агронесие корпорациясы» АҚ белгіленіп, 2023 жылдың 17 наурызында «Агронесие корпорациясы» АҚ-ы және жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арасында тапсырма шарт түзілді.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ 75 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ

Next Post

ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында биыл 7 елдімекенге ауыз су беріледі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі