13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Тұрғын үй кезегіндегі 70-ке жуық отбасы баспанамен қамтылды

28 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Тұрғын үй кезегіндегі 70-ке жуық отбасы баспанамен қамтылды
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Оның ішінде 50 пәтер көпбалалы отбасыларға берілді. Шымкент қаласында 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй кезегіндегі 65 отбасы арендалық баспанамен қамтылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Оның ішінде 50 пәтер көпбалалы отбасыларға, 15 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы толық емес отбасыларға, 1 және 2 топ мүгедектігі бар азаматтарға берілді.

Пайдалануға берген жаңа баспаналар 189 орамда орналасқан. Биылғы жылы тұрғын үй кезегіне санаттар бойынша тіркелген азаматтарға 324 пәтер, жастарға 888 пәтер, несиелік бағытта 2037 пәтер берілу көзделіп, оның ішінде қазіргі таңда 902 азамат 5-20-25, 2-10-20 «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша қамтылды. Айта кетейік, Шымкентте тозығы жеткен тұрғын үйлер мәселесін шешу мақсатында алғаш рет реновациялау бағдарламасы іске қосылуда. Қазір бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы штаб құрылды. Қала аумағындағы жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлерге мониторинг жүргізіліп, бағдарламаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Жаңа бағдарлама қаланың сәулеттік келбетіне кері әсер ететін ескірген ғимараттарды жойып, мегаполистің сәулеттік ерекшелігіне сай зәулім үйлер қатарын арттыру үшін қолға алынып отыр. Бағдарлама шартына сәйкес, құрылыс жұмыстары меншік иелерінің келісімі бойынша жүргізіледі. Меншік иелеріне құрылыс кезеңінде уақытша баспана немесе пәтер жалдау үшін ақшалай өтемақы беріледі. Қазіргі таңда Республика даңғылы-Гагарин-Павлов-Исмаилов-Сеченов -Алпысбаев-Қалдаяқов көшелерінің шекарасындағы 350 гектарға егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының сметалық құжаттамасын мәслихат талқылауына ұсыну жоспарлануда. Жобадағы тұрғын үйлер қабатының өзгеруіне байланысты халық саны және оларға қажетті әлеуметтік, инженерлік, көлік инфрақұрылымы қайта қаралуы қажет.

Previous Post

Шымкент: Антикор мен кәсіпкерлер палатасы бизнесті қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда

Next Post

Шымкентте үш су арнасы күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі