Оқу процесінде оқушының танымдық және шығармашылық қызметін жүзеге асыру үшін білім беру сапасын арттыруға, оқу уақытын тиімді пайдалануға және үй тапсырмасына бөлінетін уақытты азайту арқылы оқушылардың репродуктивті белсенділігінің үлесін төмендетуге мүмкіндік беретін заманауи білім беру технологиялары қолданылады. Заманауи білім беру технологиялары даралауға, оқу процесінің қашықтығы мен өзгермелілігіне, білім деңгейі мен жасына қарамастан оқушылардың академиялық ұтқырлығына бағытталған. Мектепте оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың кең спектрі ұсынылған.
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясын игеруге үйретеміз.
Демонстрациялық материалдар даярлау, сыныппен кері байланыс жүргізу үшін интерактивті тақта мүмкіндігі шексіз. Интерактивті тақтаға термин сөздерді жазып, сөздікпен жұмыстар жүргізу оқушылардың сөздік қорын да байытып, қажетті мәліметтерді еске сақтауына мүмкіндік береді және осы тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады. Мен тарих сабақтарында компьютерді, интерактивті тақтаны жиі пайдаланамын. Тақырыпқа байланысты суреттер, слайдтар, сызбалар, кестелер жасау, термин сөздерді жазу сабақ жүргізудің мазмұнын кеңейтіп, оқушылардың түсінігін тереңдете түседі. Кейбір сабақтарда видеофильмдер көрсетіп отырамын. Сабақты қорыту кезеңінде сынақхаттар, сөзжұмбақтар, ойталқы сұрақтарды да компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы жүргіземін. Барлық бақылау жұмыстарының түрлерін және қорытынды тест жұмыстарын тек қана компьютер арқылы жүргіземін. Себебі бұл әдіс уақытты тиімді пайдалану үшін өте қолайлы. Оқу процесі кезінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану оң тәжірибе беріп отыр.
Электронды оқулықты пайдаланудыңда мүмкіндіктері өте көп. Электронды оқулықтарындағы тапсырмаларды орындау, тест жұмыстары, картамен жұмыс, бейнефильмдерді көру арқылы оқушылардың өз бетінше білім алуға ынтасын, қызығушылығын байқадым.Мен «PINACLE», «VIDEOSTUDIO» бағдарламалары арқылы 6-сыныпта өтілген «Алғашқы адамдардың өмірі» тақырыбына әр түрлі анимацияларды, эффекттерді пайдаланып, бейне ролик жасадым. Сонымен, электронды оқулық мынадай жағдайларда тиімді: талапқа сай құрылған, кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады, белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Әр оқушы қажет жағдайда үйдеде өз бетінше жұмыстана алады және аннимацияларды көре отырып меңгерілуі қиын тапсырмаларды есте сақтай алады. Өз сабақтарымда электронды оқулықтарды жиі пайдаланамын. Қазақстан тарихы бойынша барлық сыныптарға арналған электронды оқулықтар бар. 7 сыныпта «Ұлы Жібек жолы және оның тармақтары» тақырыбын өткен кезде «Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихынан» мәліметтер берген кезде электронды оқулықтан үзінді алынып, анықтама берілді. «Ұлы Жібек жолының шаруашылыққа тигізген әсері» тақырыпшасы бойынша берілген мәлімет, анықтамалар оқушылардың таным дағдысын қалыптастыруға ықпал етті. Сонымен қатар түрлі суреттер, кестелер мен сызбалар, слайдтар көрсетілді. Электронды оқулықты қолдану оқушылардың жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді.
Казіргі білім жүйесінде оқушының үлгерімі жоғары болуы үшін, білім деңгейі зияткерлік мектеп оқушыларына теңестірілуі үшін үш одақ ұстаз-бала-ата-ана бірлесіп жұмыс атқаруы қажет.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы, халықтың әлеуетін арттыру мақсатында өткізген келелі кеңес барысында былай деген болатын:
«Қазіргі заманда дамудың басты кілті – білім. Біз заман талабына барынша бейім, сондай-ақ жарқын болашақты өз қолымен қалайтын жасампаз ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. PISA халықаралық зерттеуіне қарасақ, еліміз соңғы 10 жылда орта білім сапасы бойынша 80 елдің ішінде елуінші-алпысыншы орыннан көтерілген жоқ. Демек, жағдайымыз мәз емес.
Басты түйткілдің бірі – балалардың білімін біржақты бағалау. Елімізде білімнің сапасына емес, көрсеткіштің жоғары болуына баса мән беріледі. Оқушылардың бірыңғай ұлттық тестілеуден алған бағасы мен мектептегі бағасы екі түрлі. Айырмашылық 30 пайыз немесе одан да көп болуы мүмкін. Сондай-ақ осындай алшақтық халықаралық және ұлттық бағалау кезінде байқалады. Ашығын айтсақ, мұның бәрі жаппай белең алған көзбояушылықтың кесірінен болып отыр. Өзіңді өзің алдау жарға жығады.




