13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОТЫРАР: «Жақсы кітап — жан азығы» атты үздік оқырман байқауы өтті

24 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ОТЫРАР: «Жақсы кітап — жан азығы» атты үздік оқырман байқауы өтті
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда елімізде оқушы жастардың кітап оқымайтыны туралы жиі айтылатыны жасырын емес. Жалпы, оқушылар кітап оқымай ма, әлде мектеп оқушылары қызығып оқитын көркем әдебиеттер жоқ па деген сұрақтың да ойға оралатыны анық. Жас жеткіншектерді «кітап оқымайды» деп бекерге кінәлай бергенше олар қызығып оқитын кітаптарды көптеп шығарып, алыс ауылдардағы мектептерге таратудың маңызы зор. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алған еді.

Әдетте ақын-жазушылар бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, жастар кітап оқымайды деп жастарды босқа кінәлау әдетке айналғаны жасырын емес. Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдағы мәселені дәл байқап, бұл мәселені шешудің оңтайлы жолын ұсынбағанда не істер едік?
«Оқулық» орталығының жетекшісі мектеп кітапханаларындағы Кеңес заманында басылып шыққан көркем әдебиеттің әбден ескіргенін өзі де мойындады. Кеңестік идеология тұрғысынан жазылған мұндай кітаптарды өскелең ұрпаққа ұсынудың өзі әбес қылық екені анық. Алдағы уақытта бұл мәселені жедел түрде шешіп, мектеп оқушыларына қызықты көркем әдебиеттерді ұсынудың маңызы зор.

Түркістан облысы Отырар ауданы Шеңгелді шағын жинақты жалпы орта мектебінің «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханашысының Ахметова Ұлбосынның ұйымдастыруы мен мұғалімдер арасында үздік оқырман байқауы өтті «Жақсы кітап — жан азығы» атты тақырыпта 4 кезеңнен тұрады 1өзін таныстыру, 2 оқыған кітабын айтып беру 5 минут уақыт ішінде 3 мақал мәтелдің жалғасын табу 4 сұрақ жауап. Байқауға Абдибаева Салтанат, Бақыт Жәудір, Сағынбаева Нағима, Ахметова Гүлнұр, Құлман Айдана, Қалыбекова Нуризат, Оспанов Нұржан мұғалімдер қатысты. Байқак нәтижесінде Ахметова Гүлнұр апайымыз үздік оқырман атанды.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Тұран-2 шағынауданының даму жоспары талқыланды

Next Post

ТҮРКІСТАН: «WORLDSKILLS TURKISTAN-2023» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАР МЕН ИДЕЯЛАР ҰСЫНЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі