13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Шаһардағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Шын жүректен»акциясы өтті

28 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Шаһардағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Шын жүректен»акциясы өтті
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте ХҚКО-ға келушілерге тәттілер мен кәдесыйлар таратылды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы «Шын жүректен» акциясының бастамашысы болды.

Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ресми өкілі Алтынай Татаеваның айтуынша, аталмыш іс-шара еліміздің барша азаматтарының достығы мен бірлігін қолдау, сондай-ақ қызмет алушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған.

«Бүгін мен ХҚКО-ға мемлекеттік қызметті алуға келдім. Орталық қызметкерлері менің көңіл-күйімді көтеріп, маған шоколад пен қазақи домбыра кәдесыйын сыйлады. Бұл мейірімділіктің нышаны. Қызметкерлер тұрғындарды күлімсіреп, жақсы көңіл күймен  қарсы алды. Сонымен қатар бірлік күні мерекесімен құттықтады. Өз кезегінде мен барлық қазақстандықтарды осы тамаша мейраммен құттықтап, ашық аспан, жақсылық пен бейбіт өмір тілеймін», — деп атап өтті Татьяна Корчагина.

«Қазақстан халықтарының бірлігі күні — ең жарқын мерекелердің бірі. Біздің филиалда көптеген ұлт өкілдері жұмыс істейтінін атап өткім келеді.  Олардың ішінде қазақ, орыс, неміс, әзірбайжан, түрік, корей, шешен, татар және өзбек ұлтының азаматтарыда бар. Біздің қызметкерлер өте ұйымшыл, олар өз ісіне адал және әр келген қызмет алушыға мәселелерді шешуге көмектесуге әрқашан дайын», — деді Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет»  филиалының директоры Дәрімбет Баймбетов.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР «ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ЖАНДАНДЫРДЫ

Next Post

Ыстамбұлда «Teknofest 2023» басталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі