13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 211 азаматты кене шаққан

28 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында 211 азаматты кене шаққан
Share on FacebookShare on Twitter

Әдеттегідей, көктем мезгілінің келуімен байланысты өздеріңізді қауіпті жұқпалы ауру көздерінен сақтануды арнайы хабарлап, естеріңізге тағы бір салуды жөн көрдім.                          Түркістан өңірі Конго Қырым геморрагиялық қызбасына  қолайсыз аймақ екенін бұған дейін де айтқан болатынмын. Зоолог мамандардың бізге берген мәліметіне сәйкес, облыс аумағында КҚГҚ-ның қоздырғышы бар кенелер өте көп. Көктем мезгілінің келуімен  тұрғындарға келетін қауіп те жоғары. Сондықтан, сіздерді  кене шағудан сақтануға шақырамын. Жыл сайынғы көрсетіп отырған тәжірибеге сәйкес, шағу оқиғалары әсіресе, мал шаруашылығымен айналысатын орындар мен қора-жайларда, адамдар көк шалғын табиғатқа шыққанда жиі орын алады. Кене шаққан немесе кенемен жанаста болған жағдайларда міндетті түрде медициналық ұйымға қаралу керек.

2023 жылдың басынан   облыста 211  адамды кене шағып, медициналық ұйымдарға қаралған. Кене шағу жағдайлары өңірдегі аудан, қалалардың барлығында дерлік тіркелген.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – бұл вирус  қоздырғышынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру, науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда, өлім жағдайына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының негізгі клиникалық көріністері: Аурудың алғашқы  белгілері дене қызуының кенеттен 380С және одан жоғары  көтерілуімен, қатты бас ауыруымен, көздің қызаруы, бет, мойын және дененің жоғарғы бөлігін қан кернеуімен және мойын, арқа, белдің ауыруымен, лоқсу немесе құсу, іш ауыруы немесе өтуі болады.  Ауру одан әрі асқына бастаған жағдайда денеде бөртпелер пайда болып, мұрыннан, қызыл иектен, жатырдан, асқазаннан қан кету және ине енгізу орындарында қанталау (гематомалар)  белгілері байқалады.

Аурудың алдын-алу үшін облыс тұрғындарын табиғи ошақ аумағындағы жануарларды, қора-жайлар мен буферлік аймақтарды, үй жайлар ауласы мен демалыс аймақтарын кенеге қарсы залалсыздандыру қажет.

Иелігінде ауылшаруашылық малдары бар азаматтар қора-қопсыларды қи мен көңнен механикалық жолмен тазартып, науқан кезеңдерінде ауылшаруашылық малдарының залалсыздандыру жұмыстарымен қамтылуын қадағалау қажет.

Нұрбек Нышанов

Түркістан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  басшысы

Tags: 13kz13kz.kz13кзкенеТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Шымкент : Сарбаздар әскери борышын абыроймен атқарып келді

Next Post

Шымкент: Антикор мен кәсіпкерлер палатасы бизнесті қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі