13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында тарихи мекендер мен мұражайларға онлайн саяхат  ұйымдастырылуда

10 сентября, 2020
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында тарихи мекендер мен мұражайларға онлайн саяхат  ұйымдастырылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» жастар арасында тарихи мекендер мен мұражайларға қызығушылықтарын арттыру мақсатында тың жобасын жүзеге асыруда. Атап айтқанда, «Менмұңдаланған музейлер» жобасы аясында онлайн саяхаттары ұйымдастырылып отыр.

Онлайн саяхат барысында Отырар ауданы Шәмші ауылында жуырда ғана ашылған, қазақ ән әлемінің падишасы Шәмші Қалдаяқовқа арналған «Шәмші үйі» мұражайынан тікелей түсірілім көрсетілді. Оқырмандарға композитордың өмір жолы мен бөлмесіндегі әрбір заты туралы қызықты деректері айтылды.

Онлайн саяхатты 5000-ға жуық жас тамашалап, қызықтырған дүниелер туралы сұрақтарын қойды.  Бұл бастама алдағы уақытта да жаңа форматтармен ұйымдастырылатын болады.

«Апта сайын облыстағы тарихы терең, қойнауы кең мұражайлардың ішіне саяхат жасап, ондағы құндылықтармен жекелей таныстыруды қолға алдық. Бұл жобаның бір ерекшілігі – смартфон арқылы-ақ музей ішін аралауға болатыны және ондағы ақпараттардың желіде сақталатыны», – деді Түркістан  облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Амалбек Өміртай .

Жоба аясында Түркістан қаласы тарихи-мәдени этнографиялық музейге қарасты Н.Оңдасынов және Н.Төреқұлов пен С.Ерубаев атындағы мұражайлардан тікелей эфир жүргізіліп, желі оқырмандарына рухани демалыс ұйымдастырылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте №2 қалалық аурухана базасынан инсульт орталығы ашылады

Next Post

Дұрыс таңдау-болашақты ойлау

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі