13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ: ӘЛ ФАРАБИ АУДАНЫНДА 40-ҚА ЖУЫҚ АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

26 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ: ӘЛ ФАРАБИ АУДАНЫНДА 40-ҚА ЖУЫҚ АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Балалар ойын алаңшасын салу үшін тұрғындардың дауысы маңызды. Яғни, қала әкімдігі өздігінен алаң сала алмайды. Қай елдімекен халқы көп дауыс жинаса, әкімдік бюджеттен қаражат бөліп, тұрғындардың талабын орындайды.

Бұл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жүзеге асып жатыр. Қазірдің өзінде Шымкентте аталған жоба үшін 6 млн. теңге қаражат бөлінген. Мегаполис әкімі Мұрат Әйтеновтің сөзінше, әлі де бұл мүмкіндіктен хабарсыз азаматтар бар. Сондықтан, түсіндірме жұмысын күшейту қажет.

«Әр тұрғындармен кездескенде «неге ана аулаға саласыздар, бізге жоқ» деп ренжиді. Ойын алаңдарын салу үшін тұрғындар «Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысып, дауыс беруі керек. Қай елдімекенде дауыс көп, ойын алаңшасы сол жаққа салынады. Бұл халық үшін өте маңызды жоба. Қазір көбі белсенді қатысып келеді»,- деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

Әл Фараби ауданында қырыққа жуық аула «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандырылады. Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды. Аудан құрамына 10 шағынаудан қосылғандықтан, көпқабатты тұрғын үй саны бүгінде 926-ға жеткен. Қала әкімінің 2020-2023 жылдарға бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес 262 аула көріктендіріліп, 40 спорт алаңшасы салынды. Биылғы жоспарға сәйкес 39 аула мен 2 спорт алаңшасы абаттандырылады. Алдағы жылы 41 балалар ойын алаңшасының құрылысын жүргізу жоспарлануда. Аудан бойынша көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру 2025 жылы толық аяқталады.

Бүгінде 230 мыңнан аса халқы бар аудан ауыз су және электр жарығымен 100 пайыз қамтылған. Қазір Сәуле шағын ауданындағы №276 орамда газ құбырлары жүргізілуде. Биыл газдандыру құрылысы толық аяқталып, ауданда табиғи газ мәселесі түбегейлі шешіледі. Аудан аумағында су басу қаупі бар 42 орын анықталған. Қазір 5 көшені ирригациялық жүйлеремен қамту үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Қалған қауіпті аумақтар бойынша жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр.

М. Дүйсенбекұлы тұрғындар тарапынан түскен барлық сұрақтардың назарға алынатынын жеткізіп, аудан әкіміне, сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Халық пікірін ескере отырып, шұғыл шаралар қабылдауды ескертті.

Previous Post

Новые автобусы выйдут на линии в Шымкенте

Next Post

Врачи Шымкента вернули с того света 52-летнюю горожанку

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі