13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Полицейлер терминалдарды ұрлаған күдіктілерді ізін суытпай ұстады

10 сентября, 2020
in Жаңалықтар
0
Полицейлер терминалдарды ұрлаған күдіктілерді ізін суытпай ұстады
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтарал АПБ криминалдық полиция қызметкерлері төлем терминалдарынан ақша ұрлауға қатысы бар екі күдіктіні ұстады. Тергеу барысында ұрылар бір түн ішінде бірден екі терминалды ашып, олардан 30 мың теңгеге жуық қаражат жымқырғанын анықтады. Мақтаарал АПБ -нің жедел уәкілдеріне күдіктілердің ізіне түсуге жедел жүргізілген іс-шаралар мен бейнебақылау камераларындағы жазбалар да көмектескен. Ұсталған жергілікті тұрғындар полиция бөліміне жеткізілді, олар өз кіналарын мойындады.

Ағымдағы жылы тамыз айының соңында 2 жас жігіт Мырзакент ауылы көшесімен түнде өтіп бара жатып, кафенің жанындағы төлем терминалын байқаған. Содан кейін ұрылар бекітіліп тұрған терминалды жұлып алып, оны көлікке салып, қашып кеткен. Одан соң терминалды егістік алаңға апар ып, оны қолда бар құралдардың көмегімен ашып, 6,5 мыңнан астам теңге алады. Бірнеше сағаттан кейін күдіктілер көрші ауылға келіп, дүкеннің жанында тұрған басқа терминалды ашып, кассетасын ақшасымен алып кетеді. Осылайша олар бұл жолы 21 мыңнан астам теңгеге заңсыз ие болып, ақшаны өз қажеттілігіне жаратып, құмар ойынға салып жібереді.

Күдіктілердің екеуін де Мақтаарал АПБ-нің полицейлері тұрғылықты мекен-жайы бойынша «ізін суытпай» сол тәулікте ұстады. Анықталғандай күдіктінің бірі бұрын сотты болған. Қазіргі уақытта аталған жайттар ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Олардың бірі қамауға алынды, екіншісі қолхатта.

Тергеу барысында ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз мүліктерін сақтау шараларын қабылдауды ұсынады. Мәселен, дүкендер мен сауда орындарының иелері ұрлықты болдырмау үшін бейнебақылау камераларын және Күзет дабылын орнату қажет. Сондай-ақ, терезелерге темір торлар мен кіретін есіктерге сенімді құлыптар қою ұсынылады. Егер сіз бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға 102 телефоны арқылы хабарласыңыз.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан облысында егін-терім науқаны сәтті аяқталды

Next Post

Шымкентте 2000 адам кәсіптік білім алуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі