13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА «МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАУ – ТАБЫСТЫ ӨМІРДІҢ КІЛТІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

19 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА «МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАУ – ТАБЫСТЫ ӨМІРДІҢ КІЛТІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бәйдібек ауданы С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектеп базасында аудандық Кәсіби бағдар беруші педагогтермен «Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Басты мақсат- аталған сала мамандары білім алушылардың өзіндік жалпы дамуына, жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз етуге және болашақта белгілі бір кәсіпке бағыт алуына жол көрсету.

Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны таңдау. Қазақ «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі-жар таңдағанда, екеншісі-мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек.
Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдау тиіс. Бүгінгі таңда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет.

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез- келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» Ж. Аймауытов.

Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар.Статистиктердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. Адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12%-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге болама? «Мамандық- дегеніміз не?» Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгін ой бөлісеміз.

Мамандық — қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Баланы болашақ кәсіпке бағдарлау ісі жас талаптың ең әуелі өз халқының қазіргі ұлттық мүддесін ескеретіндей бағытта жүргізілсе құба-құп.

Жалпы мамандық таңдау кезінде бір –бірімен тығыз байланысты екі нәрсені мұқият ескеріп, басшылыққа алған жөн.

Семинар барысында «Мамандық таңдаудың бір жолы – кәсіби бағдар беру» тақырыбында шебер сынып, «Мамандық таңдау өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау» тақырыбында бітіруші түлектермен сынып сағаты және «Мамандықты дұрыс таңдау үшін білім алушылар нені білуі керек?» тақырбында педагогтер арасында пікіралмасу өткізілді.

Previous Post

В Шымкенте положат асфальт на 70 улицах города

Next Post

В Шымкенте стартовал прием заявок на льготное микрокредитование молодежи

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі