13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Тұзды артық тұтынудың алдын алу

25 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Тұзды артық тұтынудың алдын алу
Share on FacebookShare on Twitter

Тұз — натрий мен хлордан тұратын, яғни адам ағзасына керекті химиялық элементтердің бірі. Тұздар негізінде бірнеше биологиялық функцияларда, соның ішінде адам бойындағы сұйықтық тепе-теңдігін ұстап, жүйке жүйесінде және бұлшық еттің жиырылуында маңызды рөл атқарады.

Жас және жыныс бойынша тұзды күніне тұтыну нормасы (граммен есептегенде)

Ер адамдарға

Күніне 2-4 г натрий, яғни бұл 5 г тұзға тең

Әйел адамдарға

Тәуелігіне натрийдің ұсынылған стандатты дозасы — кез-келген ересек адамдағыдай, бірақ күніне 2 г кем емес, өйткені жетіспеушілік болмауы аясында дегидратацияға (сусыздануға) ұшырайды, ал лактация кезінде натрийдің созылмалы жетіспеушілігі лактостаз бен маститтің қайталануына әкеледі.

Балаларға

Жаңа туылған нәрестелер тұзды ана сүтінен алады, ал 6 айдан 12 айға дейінгі балаларға күнделікті доза 0,3 граммнан аспауы қажет. Ал 14 жастан асқан балаларға күніне 2-3 грамм болуы тиіс, яғни бір қасық тұз қолдануға кеңес беріледі.

50 жастан кейін

Тұздың күнделікті нормасы бастапқыда 1,5 граммға дейін төмендеткені дұрыс.

  • Тұзды көп мөлшерде тұтынғанда ағзадағы сұйықтықтың шығуы қиындайды. Соның салдарынан ісіну пайда болып, натрий хлоридінің қалдықтары жинала береді.
  • Қан қысымын көтереді. Ауру асқынған жағдайда, адам инсульт алуы мүмкін.
  • Тұзды көп мөлшерде қолдану бауыр, бүйрек, жүрек ауруларына әкеліп соғады.
  • Жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі артады, қауіп тобына қатерлі ісік, қант диабеті, созылмалы өкпе аурулары кіреді.

Тұз мөлшерін азайтудың әдістері:

-Тамақты қатты қуырмаңыз, сол кезде азық-түліктегі тұздың дәмі жақсы сақталады.

— Дастархандағы тұзды көкөніс пен дәмдеуіштер қоспасына ауыстырыңыз;

— Тамақты үйде дайындап ішуге тырысыңыз. Мамандардың айтуынша, мейрамхана тағамдарында тұз мөлшері көбірек болады.

— Өнімнің сапасына және құрамына мән беріңіз. Құрамы жазылған тізімнің басында тұрған ингредиенттердің мөлшері көп дегенді білдіреді. Сондықтан, тұздың соңғы жағында болуын және мөлшерін тексеріңіз.

Н.Нышанов

Түркістан облысының СЭБД басшысы

 

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссия отырысын өткізді

Next Post

Таза ауыз су – денсаулық кепілі!

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі