13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Көппәтерлі тұрғын үйлерді тіркеудің тиімді тетіктері

20 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Көппәтерлі тұрғын үйлерді тіркеудің тиімді тетіктері
Share on FacebookShare on Twitter

2019 жылдың 26 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының (әрі қарай — Заң) талаптарына сай, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін тіркелген және қызметін жүзеге асыратын үй-жайлар меншік иелерінің кооперативтері, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтері, тұтыну кооперативтері көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жөніндегі қызметті  2023 жылға 1 шілдеге дейін жүзеге асыра алады және:

— көппәтерлі тұрғын үйді, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін салуға, күтіп-ұстауға және пайдалануға байланысты барлық құжаттарды қабылдау-тапсыру актісі бойынша көппәтерлі тұрғын үй кеңесіне беруге;

— қабылдау-тапсыру актісіне қол қойғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен таратуды жүргізуге міндетті.

Осы талаптар орындалмаған жағдайда Тұрғын үй инспекциясы үй-жайлар меншік иелерінің кооперативтерін, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтерін, тұтыну кооперативтерін мәжбүрлеп тарату туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

Сондай-ақ, тұрғын үй кооперативтері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш ай ішінде өз қызметін тоқтатуға міндетті.

Қәзіргі таңда, ҚР  «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 43-бабының 2- тармағына сай, бір іргетаста орналасқан не үйге ортақ бірыңғай инженерлік жүйелері бар көппәтерлі тұрғын үйлердегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің үштен екісінен астамы келіскен кезде мүліктің меншік иелерінің бір бірлестігін құруға құқылы.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында портфелі аясында жаңа жобаны іске қосты. Енді Қазақстандықтар Меншік иелерінің бірлестігін (әрі қарай — МИБ) онлайн режимде тіркеу мүмкіндігіне ие болады.

Бұрын қазақстандықтар МИБ тіркеу және оның төрағасын сайлау үшін үй тұрғындарымен бірнеше кездесіп, Әділет органдарына тиісті өтініш беріп, көп уақыт жұмсайтын. Енді ұялы телефондағы мобильді қосымша арқылы онлайн-өтінім беруге болады. Бұл қызмет «Управдом» ЖШС  қосымшасында қолжетімді.

Бұл жоба арқылы онлайн форматта дауыс беруге болады. Бұл тұрғындардың қолтаңбаларын онлайн жинауға, дауыстарды, кворумды автоматты түрде санауға және электрондық хаттаманы автоматты түрде толтыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, үйдің төрағасы, хатшысы және Кеңес мүшелері қол қойған  электрондық хаттама «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына МИБ электрондық тіркеу үшін жолданады. Жоба ең алдымен МИБ қызметінің ашықтығы, алаяқтық әрекеттерді болдырмау, үйді басқару кезінде процестерді автоматтандыру, қағаз құжат айналымынан арылуға мүмкіндік береді.

Перизат ЕРМАХАНҚЫЗЫ

Шымкент қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы

Tags: 13kz13kz.kz13кзТұрғын үйШымкентәділет департаменті
Previous Post

Шымкент : Қаратау ауданында көшелерді жандандыру жұмыстары жүргізіледі

Next Post

 «АНТИГОНА» – ЖАСТАРҒА ЖАҢА ФОРМАТТА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі