13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қызылшаның қауіпі жоғары

18 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Қызылшаның қауіпі жоғары
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында жыл басынан бері қызылша аурушаңдығынан  16 күдікті жағдайы тіркелді. Оның 15-і зертханалық дәлелденген. Қызылша ауруына шалдыққандардың барлығы дерлік балалар арасында, біреуі ересек адам. Тіркелген жағдайлар Түркістан, Кентау қалалары мен Сауран ауданының тұрғындары. Науқас балалар қызылшаға қарсы вакцина алмаған. Науқастармен қарым-қатынаста болған азаматтар медициналық бақылауға алынған. ҚР ДСМ №13 бұйрығы мен ҚР БМСД-нің  №1 Қаулысына сәйкес, науқаспен байланыста болған, қызылшаға қарсы вакцина алмаған  және  жасы отызға толмаған азаматқа  қызылшаға қарсы екпе салынады.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі эпидемияның алдын алу үшін қызылшаға қарсы екпе алмаған өңір тұрғындарын вакцина алуға шақырады. 17 жасқа дейінгі бала қандай да бір себептермен егілмеген болса, қызылша ауруының алдын алу үшін екпе алу қажет. Вакцина алу үшін жергілікті емханаларға, дәрігерлерге жүгінгені абзал. Екпе алу тегін жүргізіледі. Қызылша ауруы асқынған жағдайда бронхопневмонияға, лимфа түйіндерінің қабынуы, ларингит (тамақ ауруларының асқынуына) -энцефалитке (мидың қабынуы) әкелуі мүмкін.

Қазіргі таңда облыстың денсаулық сақтау, адами әлеуетті дамыту басқармаларымен қызылшаға қарсы профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың кешенді жоспары түзіліп, жоспар негізінде мониторингтік топтар құрылды. Сонымен қатар, тұрғындар арасында санитариялық ағарту жұмыстары жүргізіліп, БАҚ арқылы сұхбаттар ұйымдастырылды. Брифингтер мен тікелей эфирлер арқылы халыққа ақпараттық жұмыстар күшейтілді.

Эпидемияның алдын алу және оны болдырмау үшін  білім ошақтары мен балабақшаларда да санитариялық-эпидемиологиялық шараларды (қызылшаға қарсы қарсы екпе алу, бөлмені жиі желдету, ылғалды тазалау жұмыстарын жасау, дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, әлсіздік және бөртпе сияқты аурудың алғашқы симптомдары пайда болғанда дәрігерге қаралу, халық көп шоғырланған орындарда маска киіп жүру  ұсынылады)  күшейтіп, сақтық шараларын ұстанған абзал. Қызылша -көбіне балалар арасында жиі кездесетін, ауа-тамшы жолдары арқылы тарайтын инфекция. Адамнан адамға жұғуы өте жоғары. Аурудың жасырын кезеңі 7-21 күнді құрайды. Күз-көктем мезгілдері эпидемиялық маусымдары болып табылады.          Вирус сыртқы ортаға төзімді болмағандықтан ауру ошақтарында дезинфекция шаралары жүргізілмейді.

 

Н.Нышанов

Түркістан облысының СЭБД басшысы

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістан облысықызылша
Previous Post

Қылмыстық істі электронды нысанда жүргізумен қылмыстық процестің үш буынды моделі – заман талабы

Next Post

Қалалық Антикор мен кәсіпкерлер палатасы базарлар мен сауда орталықтарында бизнеспен кездесуде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі