13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Құтыру ауруынан сақтаныңыздар!

10 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Құтыру ауруынан сақтаныңыздар!
Share on FacebookShare on Twitter

Құтыру — вирус арқылы таралатын, тез өрбитін өте қауіпті жұқпалы ауру. Бұл ауру жануардың тістеуінен, тырнауынан, сілекейленуінен адамға берілетін және орталық жүйке жүйесінің зақымдалып, өліммен аяқталатын табиғи ошақты ауру. Құтырма қоздырғышының резервуары мен негізгі көздері — жабайы жыртқыштар мен үй жануарлары. Үй жануарлары инфекцияны ауырған жабайы аңдармен жанасу кезінде жұқтырады. Қанғыбас иттер мен түлкілер адам үшін ең қауіпті болып табылады.                           

Құтырумен ауыратын жануар сау адамды тістеп алғанда немесе осы жануардың сілекейі адамның зақымдалған терісіне түскен кезде вирус ағзаға жұғады. Вирус ағзаға енгеннен кейін жүйке жолдары арқылы таралып барлық жүйке жасушаларында ісіну, қан кету, деградациялық және некротикалық өзгерістер болады. Мойынды, қолды және бетті жануар тістеп алған кезде ауру өте қауіпті.                                                                                             

Құтыру ауруының емі жоқ! Алайда алдын алуға болады. Кез келген жануарлардан жарақат алған адамдардың барлығы құтыруға қарсы антирабикалық вакцина және антирабикалық иммуноглобуллин екпе курсын алуы қажет. Ол үшін тез арада тұрғылықты жері бойынша медициналық көмекке қаралған жөн. Тістеген жарақатты таза сумен және сабынмен жуу керек, жарақат маңын йод тұндырмасымен залалсыздандырып, антирабикалық егу алу тиіс. Әрбір адамды өлімнен құтқарудың жалғыз әдісі – құтыруға қарсы екпелерің толық алу қажет. Құтыруға қарсы екпе тегін егіледі! Ит мысық асырау үшін мал дәрігеріне көрсетіп, құтыру ауруына қарсы вакцина ектіру керек.

Нұрбек Нышанов

Түркістан облысының СЭБД басшысы

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістан облысының СЭБД
Previous Post

В Шымкенте начнут производить строительные материалы

Next Post

Түркістандық кәсіпкердің суармалы жер учаскесіне заңсыз тыйым салынған

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі