13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ӘДІЛДІК ІЗДЕГЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

18 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
95
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
https://13kz.kz/wp-content/uploads/2023/04/Ленгер_Direktor-GOT-2.mp4

Бұл Түркістан облысы, Төлеби ауданы №2 Шохан Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі ұстаздарының жан-айхайы. Білім ордасының ұстаздары мектеп директорын іріктеу әділетті болмады деп наразылық танытуда. Мұғалімдер мектептің жағдайын жіті білетін, білімі мен тәжірбиесі мол лайықты басшы тағайындалуын талап етіп отыр.

Мектеп директоры лауазымына екі үміткер құжат тапсырған. Оның бірі осы мектепте 15 жылдан бері директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары болған Ардақ Сахов болса, екінші үміткер аудандағы мектептердің бірінде 3 жылға жуық тәрбие ісі-жөніндегі орынбасар болып жұмыс жасаған Жәмиля Құлжанова. Қамқоршылық кеңес пен облыстық комиссияда өткен әңгімелесуде Ардақ Сахов басымдық танытқанымен, Жәмила Құлжанованың директор болуға лайық деп танылғаны таң қаларлық жағдай дейді мектеп ұстаздары.

Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бегайдар Тойлыбаев та мектеп ұжымының жан ахайынан хабардар екен. Алайда директорларды іріктеу байқауына еш қатысы жоқ екендігін айтады. Бегайдар Адамбекұлы тек облыстық басқарма тарапынан өткізілген конкурстың шешімі негізінде бұйрық шығарылады дейді.

Ауданның бас ұстазының пікірінше, қамқоршылық кеңесті кадр таңдау мәселесіне арластырмау керек. Оның белгілі бір себептері де бар екен.

Мәселені айтып облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлына хабарластық. Әншейінде ашықтықты қолдаймын деп жиі айтатын басшы, ресми хат жіберіңіздер деп қысқа қайырды. Есесіне басшының орынбасары Ардақ Садықова мәселені тыңдап, комиссияның шешімін тек сот арқылы өзгертуге болатындығын жеткізді.

Түркістан облысы, Төлеби ауданының әділдік іздеген ұстаздары мыңнан астам оқушының болашағына алаңдайды. Егер жергілікті билік үнімізді тыңдамаса, Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына шағымданамыз деп отыр.

Tags: Түркістан облысыШоқан Уалиханов мектебі
Previous Post

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ»: ШЫМКЕНТТЕ 150-ДЕН АСТАМ ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІРІНШІ КӨПСАЛАЛЫ IT МЕКТЕБІ ӨҢІРДІҢ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІН АРТТЫРУҒА СЕП БОЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі