13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ СУБСИДИЯЛАУ – АУЫЛ ШАРУШЫЛЫҒЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ

13 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ СУБСИДИЯЛАУ – АУЫЛ ШАРУШЫЛЫҒЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы өз Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешенін субсидиялаудың ұзақ мерзімді жаңа тәсілдерін әзірлеуді тапсырды. Кәсіпкерлерге жерді жедел әрі ашық бөлудің тиімді әдістерін тұжырымдау жөнінде Үкімет алдына міндеттер қойған еді.
Президент тапсырмасына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенде мемлекеттік қолдауды жетілдіру мақсатында Шымкент қаласында жұмыс тобы құрылған. Бүгінде жұмыс тобы осы салада сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмау үшін арнайы талдау жүргізіп, агроөнеркәсіптік кешенді ұзақ мерзімді субсидиялауға қатысты ұсынысын енгізген.

Жылдан-жылға халық саны өсіп отырған Шымкент қаласында егістік алқаптар қысқарып келеді. Сала мамандары алдағы уақытта жылыжай кешенімен бірге мал шаруашылығына басымдық беріледі дегенді алға тартады. Қазір қала аумағында 204 гектар жылыжай кешені бар. Соңғы үш жылда арнайы агроиндустриалды аймақ құрылып, 36 гектарға жылыжай салынды.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында жылыжай шаруашылығына қызығушылық танытқан кәсіпкерлер де көбейген. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бекітілген инвестициялық субсидиялау бағдарламасы арқылы салынып жатқан жылыжай шығынының 25 пайызын мемлекет өтейді. Одан бөлек, «КазАгро» корпорациясының төмен пайызды несиелеу бағдарламасы да кәсіпкерлерге жақсы демеу болып отыр.
Қазіргі таңда қала аумағында 73,9 мың бас ірі қара, 15,4 мың бас жылқы, 82,5 мың бас ұсақ мал, 3,1 мың бас шошқа және 877,1 мың үй құсы тіркелген. Осының ішінде мыңнан аса асыл тұқымды ірі қара мал бар. Мал шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттік қолдау ретінде 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның ішінде 185,1 млн теңгесі малдың жем-шөбіне беріледі. Мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып, биыл 9,1 мың тонна ет, 52,3 мың тонна сүт және 154,0 млн дана жұмыртқа өндіру жоспарланған.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ ЖҰМЫС ЖҮРІП ЖАТЫР

Next Post

Қала тұрғындарына ашық есік күнінде кеңес берілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі