13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Өмірді сақта» бағдарламасы Шымкенттің әскери мекемелерінде іске асырылуда

13 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
«Өмірді сақта» бағдарламасы Шымкенттің әскери мекемелерінде іске асырылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Қорғаныс министрінің бастамасымен қолға алынған «Өмірді сақта» бағдарламасын іске асыру аясында 10216 әскери бөлімінің жеке құрамымен дөңгелек үстел өтті, онда құқық бұзушылықтардың, билікті асыра пайдалану фактілерінің алдын алу, жарақаттануды азайту, сондай-ақ әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының ТжИЖ жөніндегі орынбасары полковник Сергали Әлімқұловтың төрағалығымен өткізілген дөңгелек үстелге Шымкент гарнизоны әскери прокурорының орынбасары, қалалық дін істері басқармасының теологы, психологиялық диспансер орталығының маман дәрігері, сондай-ақ қалалық әкімшілік полиция басқармасының бастығы қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Сергали Әлімқұлов жиналғандарға әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтауға, сондай-ақ әскери қызметтің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және әскердегі тәрбие жұмысын жетілдіруге бағытталған «өмірді сақта» бағдарламасы туралы айтып берді.

— Әскерлерде енгізілген сарбаздар мен олардың ата-аналары арасында апта сайынғы «отбасымен бейнеқоңырау» бағдарламасы, сондай-ақ сарбаздардың ата-аналары, олардың командирлері мен тәрбиешілер офицерлерінің қатысуымен мессенджерлерде құрылған чаттар әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған, — деп атап өтті полковник Сергали Әлімқұлов.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында бағдарлама енгізілген сәттен бастап әскери бөлімдердің жұртшылық үшін ашықтығын арттыру бойынша нақты іс-шаралар өткізілгені атап өтілді.

Мысалға, соңғы айда 10216 әскери бөлімінде гарнизонның әскери полиция бөлімінің өкілдері қоғамдық ұйымдардың өкілдерін және осы бөлімнің әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерін шақыра отырып нақты іс-шаралар өткізді. Сонымен қатар, Шымкент қаласы бойынша «Аналардың жүрегі» сарбаздардың аналар комитетінің өкілдері де кенеттен бқлімге келіп, жеке әңгімелесу өткізіп, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің тұрмыстық жағдайларын бақылай алады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

В третьем мегаполисе активно реализуется проект «Тариф в обмен на инвестиции»

Next Post

Шымкентте оқушылар әскердегі сарбаздың тұрмыстық жағдайымен танысты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі