13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жанар-жағар майды заңсыз тасымалдаудың жолын кесу мақсатында полицейлер рейд жүргізуде

12 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Жанар-жағар майды заңсыз тасымалдаудың жолын кесу мақсатында полицейлер рейд жүргізуде
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Сауран ауданы Сауран шеп бекетінде тәртіп сақшылары автокөліктерді тексеріп, қосымша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Басты мақсат – жанар-жағар майдың облыстан тысқары аумақтарға заңсыз тасымалдануына жол бермеу, жүргізушілерге жолдағы қауіпсіздік пен жанар май мәселесі бойынша түсіндірмелер жүргізу.

— Түркістан облысы аумағында біздің полицейлермен сенбі, жексенбі және мереке күндері әрдайым құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу мақсатында күндізгі және түнгі рейд жұмыстары жүргізіледі. Ал бұл жолғы бекеттегі рейд ҚР ІІМ нұсқауы мен Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес жанар-жағар майды заңсыз тасудың алдын алу бойынша өткізілуде.
«Самара-Шымкент» тас жолында орналасқан «Сауран» стационарлық бақылау шеп-бекеті облыстардан келетін және кері қарай өтетін көлік ағынының нағыз ошағы деуге болады. Бекет Батыс-Еуропа Батыс-Қытай трассасы бойында орналасқандықтан, жүк көліктері, транзиттік және шетелдерге бағыт алған автокөліктер көптеп өтеді.

Сондықтан облыс бойынша 3 аумақта: Сауран шеп бекеті, Түлкібас ауданы Шақпақ бекеті мен Келес ауданы Қонысбаев кеден бекетінде дәл осындай рейд ұйымдастырылуда. Барша жүргізушілерді жолдағы қауіпсіздік шараларын қатаң ұстанып, заң бұзушылыққа бармауға, жол бермеуге шақырамын! Жанар-жағар майды заңсыз тасымалдауға жауапкершілік бар екенін ескертемін! — деп атап өтті Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Есембекұлы Айтпаев.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Previous Post

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТАДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ: «БОЗАРЫҚ» ПЕН «ЖҰЛДЫЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚҚА АЙНАЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі